×

Пригожин бүлігінен кейін Лукашенко Назарбаевпен сөйлескен

Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз қызметі хабарлады

Пригожин бүлігінен кейін Лукашенко Назарбаевпен сөйлескен
Nikolsky Alexei / TASS / Forum

25 маусымда Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен және Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Маусымның 25-і түске дейін Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен, түстен кейін Назарбаевпен әңгімелескен.

"Халықаралық жағдай мен аймақтағы ахуалды және Беларусь - Қазақстан қатынастарын талқылады", –  делінген хабарламада.

Лукашенкомен сөйлескені туралы Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарламаған. Бұған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 7 маусымда Мәжіліс алаңында Тұңғыш Президент кеңсесі жақын арада жұмысын тоқтататынын мәлімдеген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
Кеше, 11:30

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →