×

Тоқаев: Қазақ тілі этносаралық қатынас тіліне айналады

Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі

Тоқаев: Қазақ тілі этносаралық қатынас тіліне айналады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан тіл мәселесіне келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуы керек. Бұл туралы бүгін Ассамблеяның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, «қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды».

«Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі. Осы мәселенің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететінін тарихтың өзі көрсетіп отыр. Қазақстанда да солай. Біз осы аса шетін мәселеге келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуымыз қажет. Бірақ бұл біздің мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға баса назар аударатынымызды жоққа шығармайды. Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін.

 Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз. Мемлекет олардың түрлі жетістіктеріне, соның ішінде саяси сипаттағы табыстарына да назар аударады және оларды барынша қолдайды. Бүгін осындай бірқатар азаматқа марапат тапсырылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →