×

Ресей жаңа ірі соғысқа дайындалып жатыр ма

Думадағы заңның мақсаты қандай?

Ресей жаңа ірі соғысқа дайындалып жатыр ма
Ашық дереккөзден

Былтыр Владимир Путиннің армиясы Украинаға солтүстіктен, шығыстан және оңтүстіктен басып кірді. Одан бері де 1,5 жыл өтті. Алғашында олар мәселені тез шешетіне сенімді еді. Бір аптада Украинаны айтқанына көндіреміз деген Путиннің жоспары жүзеге аспады. Енді, олар осы жолы басқа қадам жасауды көздеп отырған тәрізді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Медуза» подкастының авторлары осы мәселені талқылаған екен. Редакторлар Денис Дмитриев пен Петр Сапожников жаңа өзгерістер туралы айтқан.
Осы аптада Ресейдің Мемлекеттік Думасы парламенттік сессия аяқталғанға дейін азаматтардан шұғыл және өте жабық режимдегі қатаң әскери реформаны белгілейтін заңдар пакетін қабылдады. Енді Ресейде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 18 жастан 30 жасқа дейінгі азаматтар әскер қатарына шақырылмақ. Бұрын біздегідей әскерге шақырудың шегі 27 жас болатын. Мемлекеттік Думадағы Қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картаполов  2 миллионнан аса ресейлікке шақырту жіберілетіні туралы айтты. Ол бұл заңдар «үлкен соғыс» пен «жалпы мобилизация» үшін жазылған деп отыр. 
Шақыру қағаздары тапсырылғаннан кейін оларға шетелге шығу жабылады. Ал әскери комиссариатқа келмегені үшін үлкен айыппұлдар салынады. Сонымен қатар, Ресей аймақтарының губернаторларына мамандандырылған әскери компанияларды құру құқығы берілді.

«Бұл жағдай не үшін керек боп жатқаны маған түсініксіз. Бәлкім, әскердің штаттық санын көбейтуді қалайтын болар. Сосын оларды кейін әскери келісімшартқа қалдыруға ыңғайлы болады деп ойлаймын. Андрей Картаполов жаңа заңға байланысты 2 миллионнан астам адамға әскери шақырту жіберіледі деп отыр. Әрине, олардың арасында денсаулық және басқа да себептермен жарамсыздары болады. Бірақ қалай десек те көбейеді», - дейді Денис Дмитриев. 

Подкастқа қатысушылары РФ президенті Владимир Путин мен қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Украинадағы соғыста қатардағы солдаттар жоқ, онда тек қана кәсіби әскерилер соғысып жатыр дегенін еске түсірді. Олар жаңа заң қабылдау арқылы «кәсіби әскердің» санын көбейтуді көздеуі мүмкін деп отыр.  Яғни шұғыл шақырылған сосын «өз еріктерімен» келісімшартқа қол қойып, соғыс атануы ықтимал екенін жоққа шығармайды. Мұның бәрі үлкен соғыстың дайындықтың белгісі болуы мүмкін

«Моблизация елде тоқтаған жоқ. Жүріп жатыр. Думадағы жаңа түзетулерде айыппұлды енгізді. Бұрын военкоматқа бармағаны үшін 3 мың рубль төлесең, енді одан 10 есе көбірек салынады. Сосын жұмыс орнында тек бастықтар сөгіс алатын. Жаңа өзгеріске сәйкес, компанияға да 500 мың рубльге дейін айыппұл салынады», - дейді Денис Дмитриев.

Айта кетейік, Қазақстан Ресейге әскери техника жібергені туралы ақпарат тараған еді. Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып табылады», - деп мәлімдеді министрлік.

Ведомствоның айтуынша, былтыр 27 тамыздан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →