×

Қоғам белсендісі Ермек Нарымбай бостандыққа шықты

Бірақ кедергілер бар

Қоғам белсендісі Ермек Нарымбай бостандыққа шықты
Facebook/ Асхат Демократ

Былтыр Қазақстанға өз еркімен оралып, әуежайда қамауға алынған қоғам белсендісі Ермек Нарымбай бостандыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы оның адвокаты Жанар Балғабаева әлеуметтік желіге жазды. 

«31.07.2023 жыл. Таңертеңгі уақыт. Жақсы жаңалықтар көп болсын. Ермек Нарымбайды қарсы алдық. Оны қарсы қарсы алу үшін Заречный кентіне баруға жиналып жатқандардың бәріне құлағдар етейін, ол қазірдің өзінде Алматыда», - деп жазды адвокат.

Айта кетейік, 13 шілдеде Қонаев қалалық соты 28 шілдеде бостандыққа шығаруға шешім шығарған. Бірақ оның қамау мерзімі кейін тағы үш күнге созылды. Сол үшін ол аштық жариялағанын мәлім етті. Сот оған көптеген шектеулер қойған. 

«Маған сұхбаттасуға, әлеуметтік желілерге, тіпті «Қағанат» асханаларына, жол бойындағы кафелерге баруға шектеу қойылды. Сонымен қатар банк қызметтерін, банк картасын, аударымдарды, жалақыны, нотариустың қызметтерін алуға тыйым салынады», – дейді белсенді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
27.04.2024ж. 11:30

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →