×

Назарбаевтың Қонаевқа не үшін өшіккені белгілі болды. Жеке күзет бастығы бар шындықты айтты

Назарбаев кешірмей қойды. Өмірден өткен соң, теледидардан айтқызбады, оқулықтарға кіргізбеді

Назарбаевтың Қонаевқа не үшін өшіккені белгілі болды. Жеке күзет бастығы бар шындықты айтты
коллаж Qaz365.kz

Кеңес Одағы тұсында бірнеше жыл Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы болған Дінмұхамед Қонаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси аренадағы алғашқы ұстазы. Бірақ Қонаев биліктен кеткен соң, екеуінің қарым-қатынасы бұзылған. Бұған не себеп болғанын екі басшының жеке күзетінің бастығы болған Амангелді Шабдарбаев «Abay live» арнасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

1986 жылдың  ақпан айында өткен Қазақстан Компартиясының ХVI съезінде Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған. Алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев осы съезде Дінмұхамед Қонаевқа қарсы шығады. 

«Димаш Ахметұлы өзің биік ұстады. Әйелі Зухра Шәріпқызы ренішін айтқанда «бала ғой»деп жамандауға мүмкіндік бермейтін», - дейді ол.

КСРО-ның соңғы басшысы Михаил Горбачев Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырды деп Қонаевқа кінә артқан. Тіпті, телефонмен қоңырау шалып қорқытқан.

«Телефонды мен көтердім. Сосын Димаш Ахметұлына бердім. Горбачев тергеу мәліметтері сізге келіп тіреліп тұр. Сондықтан қатаң жазалаймыз деп қорқытты. Димаш Ахметұлы өзінің зейнетке шыққанын, мұндай істі ұйымдастырмайтынын жеткізді. Телефон тұтқасын тастаған соң, қатты қорықты», - дейді ол.

Шабдарбаевтың айтуынша, осыдан кейін Қонаевқа жан-жақтан қорқытулар болған. Кейін Қазақстан КП ОК-нің экс-бірінші хатшысы Мәскеуге барған. Сол кезде «Желтоқсанды ұйымдастырған менің орныма таласқан адамдар» деп айтқан. КГБ басшысы болған Зақаш Қамалиденов Назарбаевты атағанын жеткізіпті.

«Сол үшін Назарбаев өшікті. Кешірмей қойды. Өмірден өткен соң, теледидардан айтқызбады, оқулықтарға кіргізбеді», - дейді Амангелді Шабдарбаев.

Тәуелсіздік алған соң, екеуі кездесіпті. Сол кезде өзара бір-біріне реніштерін айтқан.

«Қабылдау бөлмесінде екі сағат ұстап, сосын кіргізді. Бір-біріне өкпесін айтыпты. Кешке Қонаевтың үйіне бардым. Қалай болғанын айтып берді», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →