×

Қытаймен визасыз режим күшіне енді ме

СІМ жауап берді

Қытаймен визасыз режим күшіне енді ме
aikyn.kz

Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте Қытаймен визасыз режим әлі күшіне енбегенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қазір Қазақстан тарапы барлық мемлекетішілік рәсімді аяқтады және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі қаулысымен осы келісімді бекітті. Ал 28 шілде күні Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігіне хабарлама жіберді. Қазір біз Қытай тарапынан ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы тиісті хабарламаны күтіп отырмыз", – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Өзара визасыз режимнің күшіне енуі туралы ақпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына жарияланады.

Сонымен қатар СІМ өкілі "Қытай мен Қазақстан арасында визасыз режим күшіне енді деп ақпарат таратқан басылымдар туралы да айтты. Оның сөзінше, кей басылым еліміз негізгі рәсімдерді аяқтағаны туралы ақпаратты "режим күшіне енді" деп таратқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →