×

«Ескі Қазақстан» өкілдері позицияларына қайтып оралып жатыр – Ермұрат Бапи

Нұрәлі Әлиев пен Ғалымжан Есеновтің жаңа қызметтерге тағайындалуы қоғамда резонанс тудырды

«Ескі Қазақстан» өкілдері позицияларына қайтып оралып жатыр – Ермұрат Бапи
Коллаж: Qaz365.kz

Соңғы бір аптада бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің және Ахметжан Есімовтің бұрынғы күйеу баласы Ғалымжан Есеновтердің жаңа қызметтерге тағайындалуы қоғамда резонанс тудырды. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Qaz365.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл «Ескі Қазақстан» өкілдерінің қайтып оралуы деп айтты.

«Мұның бәрі «Ескі Қазақстанның» қайта оралып жатқанын білдіреді. Нұрәлі Әлиев «Транстелекомның» директорлар кеңесі төрағалығына сайланды. Оның алдында KEGOC компаниясына олигарх Дінмұхамед Ыдырысовтың адамы Нәби Айтжанов келді. Ал Дінмұхамед Ыдырысовтың көкесі –  Нұрлан Нығматулин. Ал мынау Kcell ұялы байланыс операторының акционері болған Ғалымжан Есенов – Ахметжан Есімовтің бұрынғы күйеу баласы. Мұның бәрі біртіңдеп Қазақстанның экономикасындағы негізгі секторларды «Ескі Қазақстан» өкілдері қайта алып жатқанын білдіреді», – дейді Ермұрат Бапи.

Ол осы ретте шынымен де бұл салада кадр жетіспей, сондықтан «Ескі Қазақстан» өкілдеріне сұраныс қайтадан пайда болып жатыр ма деген сауалға да жауап берді.

«Жоқ олай емес. Бізде мамандар жетіп артылады. Мұны басқа себептермен ақтауға болмайды. Тек «Ескі Қазақстанның» қайтып оралуы. Яғни, Назарбаевтың адамдары. Оның мұрасынан айырылмай, «Жаңа Қазақстан» құра алмаймыз», – дейді депутат. 

Ол осы ретте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық салада жеке командасы жоқ екенін де айтып қалды. 

«Тоқаевтың командасы жоқ екені туралы көптен бері айтылып жүр. Одан кейін «Ескі Қазақстаннан» қалған команда президенттің шешімдеріне кедергі болып жатқаны туралы әңгіме көп. Қоғамда жиі сөз қозғалады. Оны жоққа шығаруға болмайды. Себебі, кейбір президенттік өкімдер ауданға жеткенше, былжырап кетеді. Жүзеге асу нәтижесі соншалықты пәрменді болмайды. Сондықтан Тоқаев мырзаның экономикалық салада командасы жоқ деп айтуға болады», - дейді Ермұрат Бапи.

Айта кетейік, бүгін  бизнесмен Ғалымжан Есенов Kcell акционері атанды. Ол еліміздің 50 миллиардерінің қатарында 18-орында тұр. Сондай-ақ Jusan Bank-тың  20,11 пайыз акциясына иелік етеді. 41 жастағы Есенов 2007 жылы  Алматы қаласы әкімі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы секілді үлкен қызметтерді атқарған Назарбаевтың жиені Ахметжан Есімовтің қызы Айжанға үйленген. Бірақ олардың кейіннен ажырасып кеткені айтылады. 

Ал Ермұрат Бапи айтқан Дінмұхамед Ыдырысов та бизнес әлеміне кеңінен танылған азамат.  Арыс қаласының тумасы   «Форбс» журналы әзірлеген ең дәулетті қазақстандық бизнесмендердің тізімінде 11-орынға жайғасқан. Оның адамы делінген Нәби Айтжанов 31 шілдеде «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.  

Грант-2023: Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі дайын

Нәби Айтжанов 1980 жылы Ақмола облысында туған. Еңбек жолын 2002 жылы «Көкшетау Энерго» ЖШС болжау-талдау орталығында маман-жетекші инженер қызметінен бастаған.

Бұған дейін Нәби Айтжанов «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры қызметін атқарды. Оның орнына «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры болып Сабырғали Ыдырысов тағайындалды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев отандық байланыс операторы «Транстелеком» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болды. Шешім акционерлердің ортақ жиынында 25 шілдеде қабылданған.

Марқұм Рахат Әлиев пен экс-депутат Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы 2014-2016 жылдары Астана әкімінің орынбасары болған. Оған дейін «Транстелеком» компаниясы басқарма бастығы болған. 2016 жылы Әлиев осы компанияның директорлар кеңесінің құрамына енген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
Бүгін, 11:30

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →