×

Ресейдің соғыс символдарын Қазақстанда таратуға тыйым салынды ма

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы тыйым салу туралы ақпарат жариялап, кейін өшірген

Ресейдің соғыс символдарын Қазақстанда таратуға тыйым салынды ма
Сергей Мальгавко / ТАСС

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайтында Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысымен, сондай-ақ "Шығыс Түркістан", "Күрдістан жұмысшылар партиясы" ұйымдарымен байланысты белгілері бар тауарларды Қазақстанда сатуға тыйым салу туралы ақпарат жарияланды да кейін өшірілді. Жаңалықта есімі аталған Семей қалалық прокуратурасының прокуроры Қуат Бапинов та ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Сайтта жарияланған бастапқы ақпаратта бас прокуратура "Шығыс Түркістан", "Күрд жұмысшы партиясы", "Вагнер" жалдамалы әскер тобының символдарына, ресейлік Z және V белгілеріне, "Ресей армиясы", "Вежливые люди" ойыншықтарына Қазақстанда тыйым салуды ұсынғаны айтылған еді.

Жаңалықта Семей прокуратурасының өкілі Қуат Бапиновтің қаладағы балаларға арналған дүкендерді аралап, "Ресей армиясы", "Вежливые люди" ойыншықтарының сатылып жатқанына ескерту жасағаны жайлы жазылған еді.

Біраздан соң "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайтындағы "Вагнер" жалдамалы әскер тобы, "Ресей армиясы", "Вежливые люди", ресейлік Z және V белгілері туралы сөздерін алып тастады.

Одан бөлек мәтіннен бас прокуратураның қарулы қақтығыстарда қолданылатын таңбаларды дайындауға және таратуға тыйым салу туралы ұсынысты үкіметке жібергені жайлы да сөйлеп алынып тасталған. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайты бұл жағдайға әлі түсініктеме бермеді.

Осыған дейін Қазақстанда бірқатар азаматтар көлігінің терезелеріне Z және V белгілерін жапсырып алған жүргізушілерді жауапқа тартуға шақырған. Бұл таңба елде Ресей басқыншылығын қолдаудың белгісі болып саналады.

Ал "Вежливые люди" тіркесі 2014 жылдан бері Қырымды басып алуға қатысқан Ресей әскерін білдіреді. Жақында Азаттық Өскеменде «Қырым Ресей жері» деген атлас пен «Вежливые люди» ойыншықтары ашық сатылып жатқаны туралы жазған.

Саясаттанушы Ресей агрессиясын қолдайтын арнайы символикаларды Қазақстанда таратуға ресми тыйым салуды жасырудың артында биліктің Кремль алдындағы қорқынышы тұр деп санайды. Соғыс символикаларының қасына «Шығыс Түркістан», «Күрдістан жұмысшылар партиясы» деген ұйымдардың атауын қосып қоюы да тайсақтаудың бір көрінісі дейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →