×

Парламенттегі орындар «Аманатқа» ғана арналғандай. Депутат бола алмай қалған кандидат ренішін айтты

Ол Respublica 7 орын алуы керек еді деп санайды

Парламенттегі орындар «Аманатқа» ғана арналғандай. Депутат бола алмай қалған кандидат ренішін айтты
Facebook / Kuanyshbek Mukash

«Respublica» партиясының мүшесі, кәсіпкер Қуанышбек Мұқаш қалай депутат бола алмай қалғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қыста Мәжіліс сайлауы өткенде «Respublica» партиясына төменгі палатадан 6 мандат бұйырған болатын. Қуанышбек Мұқаш негізі жеті орын берілуі керек деп отыр. Сол кезде өзі депутат болуы мүмкін екен.

«19 наурызда сайлау өтті. Ал 20 наурызда экзитпол қорытындысы шықты. Ресми нәтиже 27 наурызда жария етілді. Бір қызығы, 7 күн күткен нәтижелерді алдымен-жабық есіктің артында, тек партия жетекшілеріне ғана айтты», – дейді Қуанышбек Мұқаш.

Партия сайлауда 8,59% дауыспен үшінші орын алған еді. Ол соның өзінде Respublica 7 орын алуы керек еді деп санайды.

«Парламенттегі орындар «Аманатқа» ғана арналғандай. Бақылаушылардың 84%-ы да осы партиядан алынған. Ал біздің бақылаушыларымыз сайлау учаскелерінен қуылды. Соған қарамастан ОСК сайлауды әділ өтті деуден тайынбады. Орталық сайлау комиссиясы түскен 451 шағымның ешқайсысын халықаралық байқаушылар қатысуымен өткен ашық отырыстарда қарамаса, қандай ашықтық туралы айтуға болады?!» – дейді кәсіпкер. 

Ол тәуелсіз бақылаушыларының есебін де жариялаған. 

«128 сайлау учаскесінің 58-інде елеулі рәсімдік қателіктер мен олқылықтар анықталды. Яғни, әр екінші учаскеде қателік болды деген сөз. Дауыстарды санау кезіндегі қателіктердің саны 56 болған. 12 сайлау учаскесінде нәтижені санауда мүлде бөгде адамдар жүрген. 8 жағдайда алдын ала қол қойылған хаттамалар мен жазбаларды бұрмалаудың дәлелі табылды. Нәтижелер туралы хаттамалар 24 жағдайда толық толтырылмаған және 55 жағдайда қарындашпен толтырылған.

Мұндайды болғызбас үшін процесс толықтай цифрлы форматқа ауысуы қажет-ау. Иә, біз енді болған оқиғаны өзгерте алмағанымызбен, алдағы уақытта оң өзгеріске септігіміз тиері анық, ол үшін сіздерден үлкен қолдау күтемін», – дейді Қуанышбек Мұқаш.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →