×

Бішкек Украинаға қарсы соғысқан өз азаматын 10 жылға соттады

Ресей қысым көрсетіп, оны бостауға тырысып жатыр

Бішкек Украинаға қарсы соғысқан өз азаматын 10 жылға соттады
Courtesy Image

Қырғызстан құзыретті органдары Асқар Құбанышбекұлы есімді азаматты қамауға алған соң, елдің ұлттық қауіпсіздік комитеті оның бір суретін жариялады. Кепка киіп, әскери формада тұрған Құбанышбекұлы селфиге түскен. Қасында "тельняшка" дейтін ақ-көк жолақты жейде киген ер адам тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Бұл фото Украинаның Ресей оккупациялаған Луганск облысында түсірілген болуы мүмкін. 2022 жылы жазда қырғыз азаматы Ресей әскеріне қосылып, Украинаға соғысқа баруға келіскен.

Қазір Асқар Құбанышбекұлы майданнан алыста. Бөтен елде соғысқа қатысқаны үшін өз елінде жалдамалық бабымен 10 жылға сотталып, Бішкектегі түзету мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатыр.

Ресейдің өкілетті тұлғалары сот шешіміне қарсы шығып, Құбанышбекұлына өткен датамен азаматтық беру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты. Мәскеу Орталық Азиядағы серіктесіне қысым жасап, Ресей жағында соғысқан азаматты босатып алуға тырысып жатыр.

Ресейдегі мигранттар құқығы бойынша сарапшы Валентина Чупик 31 жастағы қырғыз азаматының ісі маңызды екенін айтады. Өйткені ол – Орталық Азия азаматтары ішінде Ресей Украинаға басып кіргелі басқыншы жағында соғысқаны үшін "тиісті жаза алған" алғашқы адам дейді сарапшы.

Чупик Қырғызстан билігі Асқарды босатып жіберсе, бұл кері прецедент қалыптастырады дейді.

– Қырғызстанның сот-тергеу жүйесіне қауіп төніп тұр. Қырғызстан билігі Ресейдің айтқанынан шыға алмаса, өз беделіне нұқсан келтіреді, – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →