×

Білім алу үшін жағдай жасау мемлекеттің басты міндеті ‒ Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкімет пен Есеп комитеті әрбір теңгенің мақсатына сай пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс

Білім алу үшін жағдай жасау мемлекеттің басты міндеті ‒ Қасым-Жомарт Тоқаев
Akorda.kz

Қазақстан президенті реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында сөз сөйледі, ‒деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент білім алу үшін қалыпты жағдай жасау мемлекеттің ең маңызды міндеті екенін атап өтті.

“Өкінішке орай, осы уақытқа дейін мектеп жетіспеушілігі мәселесі көп айтылып келе жатыр. Бірақ үш ауысымды, апатты, тозығы жеткен мектептерге қатысты мәселелер шешімін таппай отыр. Сондықтан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру үкімет тарапынан да, мемлекет тарапынан да жергілікті атқарушы органдар ерекше бақылауда болуы керек”, ‒ деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Әкімдер жер және инфрақұрылым бойынша барлық мәселелерді жыл соңына дейін шешуі керек. Бұл жерде ешқандай сылтаулар орынсыз. Сондықтан бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін әкімдердің жеке жауапкершілігін белгілеу туралы үкіметтің ұсынысын қолдаймын", ‒ деп әкімдерге ескерту жасады президент.

Құрылысы 2023 жылы басталуы тиіс мектептер үшін жер телімдерін бөлу және инфрақұрылымға қосу бойынша барлық мәселелер бір ай ішінде шешілуі керек. Қалғандары үшін жыл соңына дейін шешілсін деп нақтылап өтті мемлекет басшысы. 

"Сонымен қатар, әкімдер бюрократияны азайту, нақты мәселелерді шешуді кейінге қалдыру мәселелерін де шешуі керек. Үкіметтің "Самұрық-Қазына Констракшн"-ды бірыңғай тапсырыс беруші ретінде тағайындау туралы ұсынысын қолдауға болады деп есептеймін. Бұл бүкіл жобаны жоспарлауға, салуға және бақылауға мүмкіндік береді. Бұл ретте бірден ескеретін жайт ‒ алдағы уақытта әрдайым мектептерге ерекше сұраныс болады», ‒ деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →