×

Ринат Зайытов: Халықтың 80 пайызы қазақша сөйлейтін елде мемлекеттік тілді білетін шенеуніктер табылады

Қазақстанда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу міндеттеледі.

Ринат Зайытов: Халықтың 80 пайызы қазақша сөйлейтін елде мемлекеттік тілді білетін шенеуніктер табылады
Коллаж Qaz366.kz

Қазақстанда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу міндеттеледі. Бұл туралы  Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов мәлімдеген еді. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың пікірін білдік, деп хабарлайды Qaz365.kz
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес,  министр, министр орынбасары, әкім, әкім орынбасары секілді тек жоғары лауазымды тұлғаларға мемлекет тілді білуі міндетелген. 
 

«Бұл – өте сәтті жоба. Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін міндеттейді. Әзірге министр, вице-министр және әкімдер мен олардың орынбасарларына қатысты болмақ. Жоба Үкіметте жатыр. Қабылданады деп үмітенеміз. Ербол Тілешев ағаммен сөйлестім. Басында әртүрлі талқылаулар, қарсылықтар болған. Дегенмен бұл жобаның бастапқы қадамы көңілден шықты. Ол да аз шаруа емес. Барлық вице-министрлер мен әкімдердің орынбасарлары қазақ тілін біліп тұрса керемет», - дейді Ринат Зайытов. 

 

Биыл көрші Қырғыз Республикасының Жогоргу Кенеші (Парламент, – ред.) мемлекеттік тіл туралы заң жобасын қабылдаған болатын. Енді заң жобасының талабы бойынша мемлекеттік тілді білмейтін адам мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Мемлекетік тілді кемі В1 деңгейінде, яғни орташа дейгейде білетіндер ғана мемлекеттік қызметке тағайындалады.
Осы ретте Ринат Зайытовтан Қазақстан дайын ба деп сұрадық.

 

«Бұдан хабарым бар. Қазақстан қатты дайынбыз. Өйткені қазақ тілді қауымның қатынасы ресми статистика бойынша 80 пайызды құрайды. Халықтың 80 пайызы мемлекеттік тілде еркін сөйлеп жүрсе, онда кез келген мемлекеттік қызметкер шығады ғой. Министр де, әкім де табылады», - дейді депутат.
 

 

Ол Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде экономика деп жүріп, руханиялық құндылықтар, идеологияны ұмытып кеттік деп отыр. Қазір Оқу-ағарту министрлігімен домбыра пәнін енгізу сияқты жұмыстарды енді бастап жатқанын айтты.
Сонымен қатар егер жоба қабылданып жатса, шенеуніктер бұл талапты айналып өтпей ме деген сауалға да жауап берді. Өйткені бір кездері президент сайлауында мемлекеттік тілде бірде-бір мәлімдеме жасамаған, Сенатта қазақша депутаттық сауал жолдамаған Ғани Қасымов мемлекеттік тіл комиссиясынан өтіп кеткені бар еді. 

 

«Қазір комиссияда отырған азаматтар Ғани Қасымовтан емтихан алғандар емес. Жағдай өзгерген. Сол қателіктерді ескеретін боламыз. Бұл біздің біреудің қателігінен алған сабағымыз», - дейді мәжілісмен.
 

Жақында депутат  Мақсат Толықбай ресейлік телеарналарды шектеу керек екені жайлы ұсыныс айтқаны бар.
 

«Зайырлы ел болғандықтан барлық шетелдік арналардың тепе-теңдігін көргіміз келеді. Сондықтан Ресей арналардың шамадан тыс елімізде көрсетілуі дұрыс емес. Әйтпесе, ресейлік арналарды толықтай жауып тастайық деп отырғанымыз жоқ. Біреу АҚШ, біреу Түркияның арнасын көргісін келетін шығар. Таза зайырлы елде болатын нормалар. Тепе-теңдікті сақтау қажет», - дейді Ринат Зайытов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →