×

Құран құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс - Тоқаев

БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясындағы жалпы дебатта Президент бірқатар ұсыныс айтты

Құран құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс - Тоқаев
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана

Құран құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев ең биік халықаралық мінберде осылай деді, деп хабарлайды Qaz365.kz

БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясындағы жалпы дебатта Президент бірқатар ұсыныс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның мінберінде қасиетті кітаптың мұсылман қауым үшін қадірін жеткізді. Игілік жолы Исламнан бөлек, әр ұлттың мәдениетіне ілтипат танытуда жатыр. 

 

Жуырда қасиетті кітаптарға құрметсіздік таныту актілері болды. Біз осы жағдайға алаңдаушылық білдіреміз. Исламға және басқа да діндерге қатысты жасалған мұндай тағылық әрекеттерден еркіндіктің, сөз бостандығының және демократияның нышаны білінбейді. Құран секілді қасиетті кітаптардың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс. Түптеп келгенде, бейбітшілік мәдениеті тек «бірлігіміз – әралуандығымызда» және өзара құрмет қағидаттарына негізделе алады. Сондықтан мен Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің елеулі рөлін мақтан тұтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →