×

Премьер-министр экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады

Премьер-министр экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді
primeminister.kz

Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай өндіру және тасымалдау, денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында монополияға қарсы шараларды қабылдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz
 

Кеңесте кен орындарының бірінен шикізат өңдеу үшін битум зауытына жіберілетін мұнай құбыры бар жеке компанияның қызметі қаралды. Аталған бағытта осыған ұқсас басқа құбырлар болмағандықтан, мұнайды балама жолмен тасымалдау мүмкін емес.

Соған орай компания өзінің монополиялық жағдайын пайдаланып, мұнайды осындай қашықтыққа тасымалдау үшін нарықтың басқа қатысушылары қолданып отырған тарифтен 30 есе жоғары тариф белгілеген.

Талқылау қорытындысына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға белгіленген бағалардың негізділігіне талдау жасау және ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті арқылы қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Сондай-ақ жиында АМӨЗ және ПМХЗ-ға аутсорсинг шеңберінде көрсетілетін бірқатар сервистік қызметтерді зауыттардың өз құзыретіне қайтару мәселесі де қаралды. Атап айтқанда, ПМХЗ-да автоматика мен құбыр желілеріне техникалық қызмет көрсету, сумен жабдықтау және сантехникалық қызмет көрсету функцияларын кәсіпорынның қарамағына берудің бірінші кезеңі аяқталғаны айтылды. Қазіргі уақытта мұндай жұмыстар құрылыс-монтаждау қызметтері, электр желілері мен желдету жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, жүк жөнелтушінің қызметтері және т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар медициналық ұйымдарды жабдықтармен және техникамен жарақтандыру саласында жұмыс істейтін кәсіпорынды сенімгерлік басқарудан Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру, сондай-ақ бұрын мемлекет меншігіне қайтарылған теміржол кірме жолдарын пайдалану мәселелерін талқылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →