×

“Не болды қайыршыға ұқсап алақан жайып?”: Шымкент әкімімен кездескен блогер кімге өкпелі

Блогер Шымкент қаласының әкімінің қала және өңір журналистерімен кездесуі қалай өткенін айтты

“Не болды қайыршыға ұқсап алақан жайып?”: Шымкент әкімімен кездескен блогер кімге өкпелі
bainews.kz

Белгілі блогер Бақытжан Көпбаев Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қала және өңір журналистерімен кездесуі қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Блогердің айтуынша, әкім 19 қыркүйекте кешкі бесте журналистер мен блогерлерді қабылдаған.

«Әкім Шымкенттегі және Түркістандағы облысындағы журналистермен және блогерлермен кездесу өткізді. Тіркелгендер ғана келді. Тіркеусіз жүрген блогерлер кірмеді, олар енді айтылмаған болса керек. Блогерлердің бәріне тағы да айтам: Ақпарат министрлігіне тіркеліп алыңыздар. Сол кезде жұмыстарыңыз да жеңілірек болады. Сонымен қатар сізді қолдайтын және қорғайтын заң пайда болады. Ол – Қылмыстық кодекстің 158-бабы», - дейді блогер жеке парақшасында.

Оның айтуынша, әкіммен кездесуді ұйымдастырушылар ескі форматты өткізген. Ортаға үлкен үстел қойған. 


«Өкінішке қарай телефонымызды алып кіруге тыйым салған болатын. Есік алдында алып қалды, сондықтан тәуелсіз ештеңе түсіре алмадық. Сол үстелдің ортасында бюджеттен қаржыны алып жатқан бұқаралық ақпараттың бай-бай басшылары болды. Солардың бас редакторлары болды. Бізді, тәуелсіз блогерлерді, бір шетке отырғызып қойды, біз отырдық. Ештеңе етпейді, біз үйреніп қалғанбыз. Сол байлар-ақ сіміре қойсын сорпаны, бізге қасықтың өзі жетеді. Қасық бізге бірдеңе жеу үшін емес, өзімізді көрсету үшін керек болады. Жарғақбастардың бастарынан тоқылдатып соғуға!» - дейді ол.

Бақытжан Көпбаев БАҚ басшыларының көбі әкімді мақтап шыға келгенін атап өтеді.

«Біреуі өзінен бастады. «Мен, мен едім, мен баяғы ер едім, кімнің кезінде» дегендей аңыздармен аяқтап, жағымпазданып, әкімді мақтап, жағымпаздықты өлтірді. Жалғыз ғана бір қыз бен бір әйел адам дұрыс айтты. Қалғаны өз проблемасын айтумен болды. Көптеген журналист өзінің қара басының сұрағын шешуге шықты. Бірнеше журналист «Бізге пәтер бермейді, статус керек» дейді. Мен оған қарсымын. Журналиске статус не керек? Біз мүгедек емеспіз ғой. Неге мемлекеттік қызметкерлерге ұқсап, үй алуымыз керек. Сонда ерекше топтағы балаларды, мүгедектер, содан кейін журналистер бола ма? Сұрамаңдар олай. Не болды қайыршыға ұқсап алақан жайып? Біреулер үй жағымда мынадай деп, кездесу осылай өтті», - дейді ол.

Жалпы Бақытжан Көпбаев Шымкентте белсенді блогер. Шымкент қаласы әкімінің ауысуы үшінші мегаполисте қызу талқыланып, бөркін аспанға атқандардың ішінде осы блогер болған. Көпбаев осы жылдың мамырында әлеуметтік желіге видео жариялап, президенттен «жаныңызда жүрген Ғабекеңді бізге әкім қылып жіберіңізші» деп сұрағанын айтқан еді. Себеп блогердің сұрағанында болды ма, кім білсін, бірақ Ғабит Сыздықбеков расында да Шымкентке әкім болып барды.

Ғабит Сыздықбеков бұған дейін блогер Бақытжан Көпбаевтың сұрақтарына берген жауабында жемқорлық, трайбализммен күрес жайлы айтқаны бар. Көпбаевтың Сыздықбековпен бетпе-бет кездесіп, сұрақ қойған видеосы тараған. Ол шағын сұхбатта Сыздықбеков «Шымкент десе жемқор» дейді – ол маған да тиеді» деп пікір білдірген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →