×

«Әңгіме тек салық төлеуде»: Балаева шетелден қаржы алатындардың даулы тізімі жайлы пікір білдірді

Министр алдымен осы аптада Сенатта мақұлданған қоғамдық бақылау туралы заңға тоқталған

«Әңгіме тек салық төлеуде»: Балаева шетелден қаржы алатындардың даулы тізімі жайлы пікір білдірді
Ашық дереккөзден

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да әр аптада қоғамда қызу талқыланған мәселелерге түсіндірме беріп отыруды жөн деп шешті. Ол бұл жолы қоғамдық бақылау туралы заңға және ел ішінде қызу талқыланған шетелден қаржы алатын ұйымдардың тізімі туралы ақпараттарға түсіндірме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Бүгіннен бастап әлеуметтік желідегі парақшаларымда министрліктің құзіретіне кіретін әрбір сала бойынша барлық өзекті сұрақтарға түсіндірме беріп отырамын. Министрлік мәдениет және ақпарат, дін және этносаралық қатынас, азаматтық қоғам, отбасы мен жастар саясаты салаларына жауап береді. Қоғамдағы нақты түсіндіруді қажет ететін мәселелер жеткілікті. Сондықтан өз тарапымнан қысқа да нұсқа, нақты жауап беруге тырысамын», - дейді Аида Балаева.


Министр алдымен осы аптада Сенатта мақұлданған қоғамдық бақылау туралы заңға тоқталған.


«Өздеріңізге мәлім, осы жетіде қоғамдық бақылау туралы заң жобасы Парламент қабырғасында қабылданып, Президенттің қарауына жолданған болатын. Жалпы бұл құжаттың қабылдануына мемлекет басшысының халқы алдындағы «Есеп беретін мемлекет» құру саясаты тікелей арқау болғанын атап өту керек. Нақты айтқанда, біріншіден заң мемлекеттік органдар мен жалпы мемлекетке қатысы бар салаларды қоғам тарапынан бақылауға мүмкіндік беретін ережелерді енгізіп отыр. Екіншіден, бұл заң еліміздің әрбір азаматына мемлекет басқару ісіне араласып, өзінің конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Үшіншдіден, ол мемлекетке халықтың сенімін нығайтып, жемқорлық сияқты келеңсіз жайттармен бірлесе күресудің ұтымды жолы. Ең бастысы, бұл заң мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысын жаңа да жүйелі арнаға бұратын болады. Осы құжатта әзірлеу барысында біз Еуропа, Азия, Американы қосқанда отыздан астам мемлекеттің нақты қолданыстағы тәжірибелерін тереңінен зерделедік. Яғни құжат өмірден алынып, ықтимал сынақтардан өтті деп айтуға болады», - дейді ол

Аида Балаева сонымен қатар осы аптада біршама әңгімеге арқау болған шетелден қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдардың тізілімі туралы түсініктеме берді. Министрдің айтуынша, қоғамдағы сарапшылар арасында бұл тізім едәуір талқылануда. 

 

«Иә, Қаржы министрлігінің осындай тізім жасағаны рас. Алайда біз бір нәрсені түсінуіміз керек. Бізде мұндай тізім тек сырттан қаражат алатын ұйымдарға қатысты ғана қабылданып отырған жоқ, тура осындай реестр шет елдерден мүлде ақша алмайтын және олардың жобаларына ешқашан араласпаған ұйымдарға қатысты да әзірленді. Бұл жерде заң жүзінде бекітілген нақты талаптар бар. Яғни Қазақстанда ресми түрде тіркелген және жұмыс жасайтын барлық қоғамдық ұйымдарға өз қаржылық есептерін еліміздің салық органдарына, ал қызмет туралы мәліметтерді Мәдениет және ақпарат министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетіне тиесілі үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына ұсынады. Бұл әлемнің барлық елінде қолданыста бар механизм. Сол шетелдік гранттар АҚШ-тың өзінде үш қағидаға негізделген. Яғни кез келген қаржылық операция ашық, адал және бәсекеге негізделуі керек. Біздің мысалдағы ҮЕҰ-лардың дерекқоры да қоғамдық бірлестіктің жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, қоғамға ол туралы хабардар қылады. Сонымен қатар конкурсты негізде мемлекеттік қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді», - дейді ведомство басшысы.


Аида Балаева бұл ретте шетелден қаржы алып, елімізде жобаларды жүзеге асыратын кез келген ұйым осы заң талаптарын сақтауы керектігін ескертеді. 
 

«Сондықтан, Қаржы министрлігінің бұл шешімі заң талабына сай келеді. Бұл жерде аталған жаңашылдықты шетелдік агенттер туралы заңмен салыстырып, ұқсастық іздеудің қажеті жоқ. Өйткені әңгіме тек салық төлеу туралы екенін ұмытпауымыз керек», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Татарлар енді қазақ тілінде оқитын болды
Бүгін, 17:37

Татарлар енді қазақ тілінде оқитын болды

Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті ғылыми орталығы ашылды
Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды
Қазақстан азаматы атанғысы келетіндер төл тарихымыздан да хабардар болуға тиіс
Соңғы жұмыс орны - Ақтөбе облысының әкімі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →