×

«118 адам қайтуға өтініш берген»: Қазақстан Израильге арнайы ұшақ жібереді

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады

«118 адам қайтуға өтініш берген»: Қазақстан Израильге арнайы ұшақ жібереді
AFP 2023 / Mohammed Abed

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Израильге арнайы репатрациялық ұшақ жіберетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Қазақстанның Израильдегі елшілігінде консулдық есепке елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда 77 азамат тіркелген. Израильдің жоғары оқу орындарында Қазақстанның бес студенті оқиды. Сондай-ақ отызға жуық қазақстандық жергілікті түрлі медициналық мекемелерде тағлымдамадан өтіп жатыр. Барлығы — 112 адам. Тель-Авивтегі дипломаттарымыз Израильдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста және олармен жедел іс-қимыл жасау мақсатында арнайы мессенджерде чат ашты. Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігінің болжамынша, Израильде консульдық есепке тұрмаған төрт жүзден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін», - деді Смадияров бүгінгі брифинг барысында.


Ол шетелдегі қазақстандықтардың назарына Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық мекемелерінде консульдық есепке тұру қажеттілігін еске салды. Бұл процедура ерікті түрде және тегін жасалады. Сонымен қатар қашықтан да жасауға болады. 


«Есепке тұру үшін консулға тиісті ақпаратты, яғни төлқұжат көшірмесін және тұрғылықты мекенжайын жіберу қажет», - деді ол министрліктегі брифинг барысында.


Сонымен қатар, Айбек Смадияров Газа секторында Қазақстанның 25-ге жуық азаматы барын атап өтті.

«Бұл негізінен палестиналықтарға үйленген әйелдер, қазір олармен байланысуда проблема бар» дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Сенатта 2025 жылы шығыстарды 60 млрд теңге сомаға ұлғайту қолдау тапты
Ол құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты
Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →