×

“Бізде мінез бар”: Бақытжан Базарбек Қошановтың ескертпесіне жауап берді

Жақында Бақытжан Базарбек Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабекке шүйліккен еді

“Бізде мінез бар”: Бақытжан Базарбек Қошановтың ескертпесіне жауап берді
Qaz365.kz коллажы

Жақында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат Бақытжан Базарбекке эмоцияға салына бермеу жайлы ескерту жасаған. Осыдан кейін депутат басылып қалмады ма? Qaz365.kz тілшісіне мәжілісмен жауап берді.


"Бізде мінез бар. Біз басылмаймыз. Әрине, регламент болған соң, оны сақтау керек. Өзім де сол регламенттен шығып кеткен секілдімін. Сезінемін. Қателігім болды. Әр адам қателігін мойындағаны дұрыс. Бірақ маған берген ескерту сұрақтың өзіне емес, эмоцияға байланысты болды. Қойған сауалымды эмоциямен қойғаныма байланысты. Кішкене ұстамдылау болуым қажет. Алайда мемлекеттік саясатқа бөгет жасап жатқан, жемқорлыққа жол беріп жатқан шенеуніктер болса, принципальді тұрғыда сұрауымызды тоқтатпаймыз", - дейді Бақытжан Базарбек.


Айта кетейік, жақында Бақытжан Базарбек Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабекке шүйлікті.
«Жұмыс істей алмасаңыздар, министрмен бірге сіздерді қуып шығамыз» деді. Осыған келгенде сөзге араласқан Ерлан Қошановтың  депутатқа ескерту жасағаны бар.


«Қатты кетпеңіз, агрессиясыз сөйлеңіз. 10 млн га жер қайтарылды. Оның бәрі Жер аманаты комиссиясының арқасы. Оның құрамына құзырлы органдар, депутаттар, қоғам өкілдері кіреді. Басшысының бірі өзіңіз. Мен де сізге жалынды сәлем айтқым келеді. Қалай әділ бөлініп жатыр, комиссияның құзыреті бар. Бақытжан мырза, бұл бірінші рет емес. Төраға ретінде сізге ескерту жасаймын», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →