×

Бақытжан мырза, бұл бірінші рет емес. Қошанов депутат Базарбекке ескерту жасады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбекке төраға Ерлан Қошанов ескерту жасады

Бақытжан мырза, бұл бірінші рет емес. Қошанов депутат Базарбекке ескерту жасады
parlam.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбекке төраға Ерлан Қошанов ескерту жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отырыста депутат қазіргі вице-премьер Тамара Дүйсеноваға осыдан екі жыл бұрын президент кеңесшісі болып тұрған кезде оған Солтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауылының тұрғындары шағымдарын жеткізген. Жерінен айырылып қалғандарға Дүйсенова мәселе шешіледі деп уәде беріпті. Алайда ештеңе шешілмеген. Енді мәжілісмен отырыста Ауыл шаруашылығы министрлігіне жайылым жерді қайтармай жатқан әкімдердің атын атауды талап етті. Бірақ жауап берген вице-министр Әбілқайыр Тамабек ешкімнің есімін айтқан жоқ. 

«Мен сізге аты-жөндерін атаңыз деп тұрмын. Тиісті фамилияларды беріңіз, біз қылмыстық жауапқа тартамыз.Егер  «жұмыс істемей алмасаңыздар, министрмен бірге сіздерді қуып шығамыз», - деді Бақытжан Базарбек.

Осы кезде шыдай алмай, сөзге араласқан Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутатқа ескерту жасады.


«Депутаттық әдеп деген бар.Қатты кетпеңіз, агрессиясыз сөйлеңіз. Жақтап отырған жоқпын. Айтып отырғаныңыз дұрыс, 10 млн гектар жер қайтарылды. Оның бәрі  «Жер аманаты» комиссиясының арқасы. Оның құрамына құзырлы органдар, депутаттар, қоғам өкілдері кіреді. Басшысының бірі өзіңіз. Мен де сізге жалынды сәлем айтқым келеді. Қалай әділ бөлініп жатыр, комиссияның құзыреті бар. Бақытжан мырза, бұл бірінші рет емес. Төраға ретінде сізге ескерту жасаймын», - деді  Ерлан Қошанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
Кеше, 11:30

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →