×

«Ескі Қазақстан» өкілдері сөлін сорып, бізге тек қаңқасын қалдырды . Мақсат Толықбай ҚТЖ-дағы былықтарды жайып салды

Депутат теміржолдағы қордаланып қалған мәселелерді қозғады

«Ескі Қазақстан» өкілдері сөлін сорып, бізге тек қаңқасын қалдырды . Мақсат Толықбай ҚТЖ-дағы былықтарды жайып салды
parlam.kz

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай теміржолдағы қордаланып қалған мәселелерді қозғады. Өйткені вагондар, ал жемқорлық тыйылмай тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әр жаз сайын теміржол жолаушылар тасымалына қатысты шағымдар жылдан-жылға көбейіп барады. Сапа төмен, сын көп. Теміржолда қашан тәртіп орнайды? Кеңес заманының мұрасына айналған вагондардың көбі әлі жаңартылған жоқ. Теміржол паркінің құрамы 60 пайызға тозған.Бұл мәселе 30 жылдықтың еншісінде. Теміржолды тек табыс көзіне айналдырған бұрынғы басшылардың тек қаржы табумен айналысқанын білеміз. Сол «ескі Қазақстан» өкілдері пайдасын тауып, сөлін сорып, бізге тек қаңқасын қалдырды. Теміржолдың күй-жайы осындай.Дегенмен, бүгінгі басшылар 2030 жылға дейін вагондарды жаңартамыз деген уәде айтты. «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы 1997 жылы құрылды. Яғни, 26 жыл күткеніміз аздай, тағы да 7 жыл күтуіміз керек», - дейді Мақсат Толықбай. 

Ол көлік министрі Марат Қарабаевқа 2030 жылы қалған вагондар ескіріп, 80 пайызы тозып, екі қолды мұрынға тығып отырмасымызға кепілдік бере аласыз ба? деп сұрады.

«Терезесі ашылмайтын, кондиционері істемейтін, қабырғасында тарақандар жүретін вагондардың өзіне  жаз мезгілінде билет сатып алу арман болды. Билет тапқан бақытты жандарды вагон ішінде осындай масқара күтіп тұрады. Сапаның төмендігі, билеттің тапшылығымен қатар, билеттің бағасы да қымбаттап жатыр. Онымен қоймай, қымбат бағасына сапасы сай келмейтін пойыздардың жиі кешігетінін айтпай-ақ қояйын. Сапардағы азаматтар үшін пойыздың 1-2 сағатқа кешігуі үйреншікті жайт болып қалған. Жыл сайын халықтың ішкі туризмге деген қызығушылығының артып келе жатқанын байқаймыз.  Туристік маршруттарға арналған стратегиялық жоспар қажет. Ескі Қазақстанның мұрасы болып қалған теміржол мәселесін қашан шешесіздер?», - деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Утилизациялық алымды азайту мәселесіне қатысты өзгеріс бола ма
Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →