Америкалық актриса Израильдің әрекетін қашатын жері жоқ Газа секторының тұрғындарын қасақана бомбалау деп атады
Актриса Анджелина Джоли Израильді Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағаны үшін айыптап, атысты тоқтатуды жақтамайтын әлемдік көшбасшыларды қылмысқа қатысы бар деп атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Бұл – қашатын жері жоқ, қамалған халықты әдейі бомбалау. Газа жиырма жылға жуық ашық аспан астындағы түрме болды. Енді міне, жаппай мазарға айналуда. Қаза тапқандардың 40 пайызы бейкүнә балалар. Бүкіл отбасы ажал құшуда. Әлем бақылап отырғандай, көптеген мемлекеттердің Израильді белсенді қолдауының нәтижесінде миллиондаған палестиналық бейбіт тұрғындар – балалар, әйелдер, отбасылар – халықаралық құқыққа қайшы түрде азық-түлік, дәрі-дәрмек пен барлық гуманитарлық көмектен айырылып, ұжымдық түрде жазалануда. Адам санатынан шығарылуда. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің оқ атуды тоқтату талабына бөгет жасау арқылы әлем көшбасшылары бұл қылмысқа ортақтасуда”, – деп жазды ол Instagram парақшасында.