×

Ол адамды мұқият тыңдайды: Депутат Айгүл Құспан Макронмен не жайында сөйлесті

Депутат Франция Президентімен французша сөйлесті

Ол адамды мұқият тыңдайды: Депутат Айгүл Құспан Макронмен не жайында сөйлесті
Tengrinews.kz / Данияр Есетов

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға жасаған сапарында Ақордадағы ресми кездесуде Мәжіліс депутаты Айгүл Құспанмен аз-кем әңгімелесіп үлгерді. Бұған көпшілік таңданысын білдіріп жатты. Осыған қатысты депутат тілшілерге жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен француз тілінде өзімді таныстырып, «Қазақстанға қош келдіңіз» дедім. Ол таңғалды. Французша жақсы сөйлейтінімді айтып, қайдан үйренгенімді сұрады. Мен Президент Макронның өзі білім алған Франциядағы белгілі оқу орнын бітіргенімді айттым. Екеуіміз де Францияның ұлттық басқару мектебін тамамдағанбыз. Бұл – кадрлардың ұстаханасы саналатын білім ордасы», – деді Айгүл Құспан.

Қазір еліміздегі шенеуніктердің арасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты санамағанда француз тілін еркін меңгерген жалғыз Айгүл Құспан екен.

«Макронның адамдарды мұқият тыңдай білетінін оқыдым. Ол біздің делегация мүшелерімен кездескен кезде үлкен қызығушылық танытқанын байқадым. Бұл – саясаттағы талант»,– деді депутат.

Ұлттық басқару мектебі — Франция премьер-министріне бағынатын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті арттыру саласындағы француз элиталық мемлекеттік мекеме. 

Мекемені 1945 жылы генерал Де Голль жоғары мемлекеттік лауазымдарға қол жеткізуді «демократияландыру» үшін құрған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
61 жасқа толған Ералы Тоғжанов жаңа қызметке тағайындалды
Бүгін, 21:11

61 жасқа толған Ералы Тоғжанов жаңа қызметке тағайындалды

Соңғы жұмыс орны - Ақтөбе облысының әкімі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →