×

Анджелина Джоли: Әлемдік көшбасшылар Израильдің қылмысына ортақтасуда

Америкалық актриса Израильдің әрекетін қашатын жері жоқ Газа секторының тұрғындарын қасақана бомбалау деп атады

Анджелина Джоли: Әлемдік көшбасшылар Израильдің қылмысына ортақтасуда
GLOBALLOOKPRESS.COM/BONNIE CASH

Актриса Анджелина Джоли Израильді Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағаны үшін айыптап, атысты тоқтатуды жақтамайтын әлемдік көшбасшыларды қылмысқа қатысы бар деп атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Бұл – қашатын жері жоқ, қамалған халықты әдейі бомбалау. Газа жиырма жылға жуық ашық аспан астындағы түрме болды. Енді міне, жаппай мазарға айналуда. Қаза тапқандардың 40 пайызы бейкүнә балалар. Бүкіл отбасы ажал құшуда. Әлем бақылап отырғандай, көптеген мемлекеттердің Израильді белсенді қолдауының нәтижесінде миллиондаған палестиналық бейбіт тұрғындар – балалар, әйелдер, отбасылар – халықаралық құқыққа қайшы түрде азық-түлік, дәрі-дәрмек пен барлық гуманитарлық көмектен айырылып, ұжымдық түрде жазалануда. Адам санатынан шығарылуда. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің оқ атуды тоқтату талабына бөгет жасау арқылы әлем көшбасшылары бұл қылмысқа ортақтасуда”, – деп жазды ол Instagram парақшасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →