×

Израиль әскері Газа қаласын қоршап алды

Хамастың штаб-пәтері Газада орналасқан

Израиль әскері Газа қаласын қоршап алды
Tsafrir Abayov/AP

Израиль қорғаныс күштері 2 қараша, бейсенбі күні ХАМАС штаб-пәтері орналасқан Газа қаласын қоршауға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап.

«Біздің әскер ХАМАС лаңкестік ұйымының орталығы Газа қаласын қоршауды аяқтады», – деді Израиль қорғаныс армиясының өкілі Даниел Хагари.

Израильдің пайымдауынша, ХАМАС содырлары израильдік әскерге оқ ату үшін қаланың жер асты туннельдерінен шығып, кейін жер астына қайтадан шегінеді.

Жақында Израиль армиясының өкілі Израильдің Газа секторындағы оқ-дәрі қоймалары, ХАМАС жетекшілерінің үйлері мен зымыран арсеналдарын қоса алғанда, 12 мыңнан астам нысанаға соққы жасағанын айтты. Құрлықтағы операция қазір 2,3 миллион палестиналық тұратын Газа секторының солтүстігінде көбірек жүріп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →