×

Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық етеді

Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде ұйымға төрағалық Қазақстанға табысталды

Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық етеді
Kazinform

Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде ұйымға төрағалық Қазақстанға табысталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Өзбекстан өзара ықпалдастыққа тың серпін беру үшін белсенді жұмыс жүргізді. Шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан төрағалық тізгінін ресми түрде өз қолына алды. Бұл зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Біздің еліміз ұйымды одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерін салады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Түркі кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Әзербайжанның Нахшыван қаласында құрылған болатын. 2022 жылдың желтоқсанында Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 9-саммитінде ұйымға төрағалық Түркиядан Өзбекстанға берілген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Утилизациялық алымды азайту мәселесіне қатысты өзгеріс бола ма
Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →