×

Израильдің СІМ Қазақстанның Палестинаға миллион доллар бөлуіне қатысты пікір білдірді

Симона Гальперин Израиль палестиналықтарға көмек көрсетуге қарсы емес екенін жеткізді

Израильдің СІМ Қазақстанның Палестинаға миллион доллар бөлуіне қатысты пікір білдірді
zakon.kz

Израиль Сыртқы істер министрлігі бас директорының Еуразия және Балқан елдері бойынша орынбасары Симона Гальперин 2023 жылғы 7 қарашада өткен брифингте Қазақстанның Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде бөлген миллион долларына қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Симона Гальперин Израиль палестиналықтарға көмек көрсетуге қарсы емес екенін жеткізді.

"Израиль палестиналықтарға көмектесуге қарсы емес. Израиль палестиналықтармен емес, ХАМАС-пен соғысып жатыр. Израильдің айтатыны, мен бұл туралы тағы да анықтап айтқым келеді, бұл көмек ХАМАС-қа емес, террористерге емес, палестиналықтарға берілуі керек. Көмек ауруханаларға, мектептерге, балабақшалар салуға, экономикаға баруы керек", – деді Симона Гальперин.

Ол соңғы жылдары палестиналықтар басқа мемлекеттерге қарағанда әртүрлі халықаралық ұйымдар мен елдерден көп гуманитарлық көмек алғанын айтты.

"Өкінішке қарай, соңғы онжылдықтарда палестиналықтар БҰҰ мен басқа ұйымдардан басқа адамдарға қарағанда көбірек көмек алды. Бірақ бұл көмек қайда? Сумен қамтамасыз ету мен өнеркәсіптің, экономиканың, мектептер мен ауруханалардың орнына оның бәрі жер астында, ХАМАС-тың туннельдерінде жатыр. Сондықтан біз палестиналықтарға көмектесуге мүлдем қарсы емеспіз, бірақ бұл көмек Палестинаның бейбіт тұрғындарына берілуін талап етеміз", – деді ол.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитінде Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ҚР Үкіметі бөлген қаражат Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыс агенттігіне аударылғанын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365 редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Желідегі жұрттың көзайымына айналған депутаттар «Адал Тұлға» сыйлығын жеңіп алды
09.12.2023ж. 22:49

Желідегі жұрттың көзайымына айналған депутаттар «Адал Тұлға» сыйлығын жеңіп алды

Бүгін Астанада соған орай «Адал Тұлға» IX ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті
Жолаушылар қозғалтқыштардан ақау шыққан деп болжайды
Шешім бірауыздан қабылданып, оған 162 сенатор дауыс берді
Белгілі саясаттанушы бірқатар Мәжіліс депутаттарының жұмысына пікір білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →