×

Газа секторындағы қазақстандықтар Алматыға ұшып келді

99 жолаушы ұшып келді

Газа секторындағы қазақстандықтар Алматыға ұшып келді
ҚР СІМ баспасөз қызметі

Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Сыртқы істер министрлігі Газа секторындағы қазақстандықтарды эвакуациялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Бүгін арнайы эвакуациялық бортпен 99 жолаушы — Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Алматы қаласына аман-есен ұшып келді.

“Әуежайдағы барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға уақытша баспана беріліп, оларға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Сәтті іске асырылған эвакуациялау Қазақстанның Израильдегі, Иорданиядағы және Мысырдағы елшіліктерінің осы елдердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесі.

Таяу Шығыс өңірінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылығымен келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР СІМ азаматтарымыздың Газа секторынан қауіпсіз және еш кедергісіз шығуы туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Қазақстандық дипломаттар қақтығыс аймағында қалып қойған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету және эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады
Бүгін, 12:09

1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңдік  іріктеуден өтуге тиіс
Президент Ормон хан мен Кенесары арасындағы қақтығыс жайлы да жазған.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың және бірқатар орталық мемлекеттік органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →