×

Санкция ықпалы: Ресейде ұшақтардан ақау жиі шыға бастады

Жолаушылар қозғалтқыштардан ақау шыққан деп болжайды

Санкция ықпалы: Ресейде ұшақтардан ақау жиі шыға бастады
Фото: Екатерина Кузьмина / РБК

8 желтоқсанда Ресейдегі S7 әуе компаниясының ұшағы Новосібірдің Толмачево әуежайынан Мәскеуге ұшуы керек болған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткен соң, Новосібірге қайта оралды. Жолаушылар қозғалтқыштардан ақау шыққан деп болжайды. Қонған бетте борт ұшудан шеттетілген.

Оқиға таңертеңгі 2502 рейсінде болған. Жолаушылардың айтуынша, алдымен ұшақ уақытында ұшып шықпай кешіккен. Ал ұшқаннан кейін турбиналар жолақта қалбалақтай бастаған. Жалын пайда болғанымен, әуе лайнері көтерілген. Ұшақ әуеге көтерілгенімен, бірнеше минуттан кейін Толмачевоға орала бастаған.
— Мен отырған оң жақ қозғалтқыш ұшу-қону жолағында жана бастады. Біз жер бетінен көтерілгеннен кейін 10-20 секунд сайын жанып тұрды. Содан кейін екіншісі қосылды, бір уақытта жыпылықтады. Бұрылып қайтып бара жатқанымызды көрдік, – деп түсіндіреді жолаушының бірі.

Осы оқиғадан кейін Батыс Сібір көлік прокуратурасы тексеруді бастады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бүгін сағат 7:00 шамасында Новосібір — Мәскеу рейсін орындау барысында S7 (Боинг-737) ұшағы техникалық ақауға байланысты Толмачевоға оралған. 
Мұның алдында, 7 желтоқсанда Улан-Удэ әуе жолағында Ту-204 ұшағының қозғалтқышынан от шыққан болатын. Ұшақ Қытайға жүк жеткізбек болған.
Айта кетерлігі, 2022 жылдың көктемінде Еуропалық Одақ Ресейге өзінде өндірілетін жаңа ұшақтар мен олардың бөлшектерін сатуға тыйым салып қана қоймай, ресейлік әуе компанияларына еуропалық лизингтік компанияларға тиесілі борттарды пайдалануға шектеу қойған. Ал бұл санкция ресейлік әуе тасымалдаушыларының бүкіл "айрбастары" мен "боингтары" паркін түгел дерлік қамтиды.
Еске сала кетейік, былтыр Ресей Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ICAO) кеңесіне қайта сайланбай қалған болатын. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ресей қажетті 86 дауыс жинаған жоқ. Оның алдында ICAO әлемнің 187 еліндегі ұшу қауіпсіздігі аудитінде Ресейге қызыл жалауша белгісін қойған. Ұйым сонымен қатар Ресейдегі "ұшуға жарамдылығы" санатындағы стандарттарды іске асырудың тиімділігін бағалауды 77,4 пайызға дейін төмендетті.
Іс жүзінде бұл әлемдегі барлық басқа мемлекет ресейлік ұшақтардың қауіпті жағдайына байланысты ресейлік ұшақтарға өздерінің әуе кеңістігін пайдаланудан бас тартуы мүмкін екенін білдіреді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды
06.05.2024ж. 16:14

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Президент тиісті жарлыққа қол қойды
Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →