×

Желідегі жұрттың көзайымына айналған депутаттар «Адал Тұлға» сыйлығын жеңіп алды

Бүгін Астанада соған орай «Адал Тұлға» IX ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті

Желідегі жұрттың көзайымына айналған депутаттар «Адал Тұлға» сыйлығын жеңіп алды
Ашық дереккөзден

9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтеді. Бүгін Астанада соған орай «Адал Тұлға» IX ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Өз Отанының тағдырына бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар марапатқа ие болды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері, белсенділер, еріктілер және қарапайым азаматтар, сыбайлас жемқорлыққа көз жұмып қарамайтын азаматтар бар.

Іс-шараны Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының төрағасы Руслан Асылбеков құттықтау сөзімен ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ардагер Алик Шпекбаевты құттықтап, алғашқы номинацияны табыс етті.

Сыйлықтар «Адал тұлға – 2023», «Қоғамдық құрмет», «Жылдың үздік телеарнасы», «Жылдағы үздік Интернет-БАҚ», «Жылдың үздік журналисі», «Ең адал полицей», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бизнес» номинациялары бойынша табысталды.

Депутат Бақытжан Базарбек «Адал Тұлға» медалінің екінші мәрте иегері атанғанын әлеуметтік желіде сүйіншіледі. Онымен бірге «Адал Тұлға» иегері болып әріптестері Мақсат Толықбай , Ринат Зайытов, Марат Бәшімов, Ерлан Сайыров, Ермұрат Бапи мен Қазыбек Иса атанған.

Аталған сыйлықты «Обожаю» ютуб-арнасынан Асхат Ниязов алған. «Jibek Joly» телеарнасы да жылдың үздік телеарнасы атағын жеңіп алды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
Бүгін, 11:30

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →