×

«30 жылдай басқарып отырып алды»: Қырғызстан президенті Жаппаров Назарбаев жайлы айтты

Жаппаров Назарбаев жайлы айтты

«30 жылдай басқарып отырып алды»: Қырғызстан президенті Жаппаров Назарбаев жайлы айтты
Фото: kg.akipress.org / ctc-rk.kz

Қырғыздың Мемлекеттік туын өзгертуді қолдаған президенті Садыр Жаппаров жұрт алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты есіне алды, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Қазақстанның Президенті (бұрынғы)  30 жылдай отырып алды ғой басқарып. Астананы Алматыдан көшірерде Парламентке келіп сұранды. Сол кезде депутаттар қарсы шықты. «Ақмолаға көшірген деген не?», «ен дала емес пе?», «суық» дескен. Шын мәнінде, Астанада құтырған итті байласаң тұрмайды. Білесіңдер ғой. Суық қой. Сол кезде Назарбаев мінберде тұрып: «Құрметті ел-жұртым, менің де ойлағаным бар. Бүгін туған күнім екен, бір рет мақұлдаңдаршы», – деп сұрады. Қазақ Парламенті 90-95 пайыз болып мақұлдап, қолдап берді», – дейді Жаппаров сөйлеген сөзінде.

Оның сөзінше, қазіргі күнгі Астана дүниежүзіндегі ең алдыңғы шаһарлардың біріне айналған. 

«Мен енді Борборды (Бішкекті солай атайды) көшір деп тұрғам жоқ, басқа жаққа шаһар салам деп сұранғам жоқ, ең болмаса, желекті (туды) өзгертуге мені бір қолдап беруге болатын шығар? Сұранғандарыңызды қолдап тұрам. Сұраған мені де қолдап беріңдер. Ту еш өзгермейді. Тек сәл түзетіледі», – дейді ол.

Айта кетейік, Қырғызстанның Жоғарғы кеңесінің депутаттары Мемлекеттік тудағы күн сәулесінің пішінін өзгертуді ұсынып отыр. Өзгерістердің бастамашылары – спикер Нұрланбек Шакиев пен депутат Ұлан Примов. Олар бүгінгі күнге дейін Қырғызстан туын «күнбағыс гүлі деп қабылдайтындар бар, жалауша бейнесінің мағынасын екіұшты түсіндіруді жою үшін шаралар қабылдау қажет» деп есептейді. Сол себепті толқынды шашақты депутаттар тік шашақ қылып өзгертіп, расында да, күн бейнесін көрсеткен жөн дейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
Кеше, 11:30

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →