×

«Өскелең ұрпақты аздырып барады»: Дәулет Тұрлыханов кальянға тыйым салуды сұрайды

Қазақстанда кальянға тыйым салына ма

«Өскелең ұрпақты аздырып барады»: Дәулет Тұрлыханов кальянға тыйым салуды сұрайды
Qaz365.kz коллажы

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дәулет Тұрлыханов елімізде кальян шегуге тыйым салу бойынша Үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Төменгі палата Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салынатын заңды қабылдап, Сенатқа жолдады.

«Бүгінде пайдасынан зияны көп электрондық темекі, синтетикалық наркотик, бір ішсең, қайта-қайта іше бергің келетін энергетикалық сусын секілді зиянды заттар күннен-күнге көбейіп барады. Солардың бірі – кальян (қорқор) түтіні. Бұл да жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп, өскелең ұрпақты аздырып барады. Бүгінде арнайы көңіл көтеретін, тамақтанатын орындарды қойып, жастар көлікке салып алып қорқорлататын жағдайға жетті. Тіпті, жасөспірімдердің өзі топталып кальян шегіп, айналасын көк түтінге көмуде», – дейді Дәулет Тұрлыханов.

Оның айтуынша, кальянның құрамында не бар екені, не қосып жатқаны белгісіз. Оған темекіден бөлек түрлі ароматизатор, масайтатын заттар қосылатыны жасырын емес. Оған гашиш те, арақ та, коньяк та қосуы әбден мүмкін.

«Оны қадағалап жатқан бір жан жоқ! Соның салдарынан бүгінде отбасымызбен қоғамдық жерге барып тамақ ішу мүмкін болмай қалды. Айналамыз көк түтін, оның заңсыз екенін ескеріп жатқан кәсіпкер жоқ. Бұл – дабыл қағарлық жағдай! Кальянды қоғамдық орындарда қолдануға заң жүзінде тыйым бар. Алайда бұл норма орындалмай отыр. Өйткені 3 жыл бойы кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды», – дейді депутат.

Ол тексерісті тоқтату деген заңды бұзуға болады деген сөз емес деп отыр. Бірақ пайдаға дәндеген кәсіпкерлер мұны пайдаланып қалуға тырысты. Кальян таратушылар тек өздерінің ғана емес, қасындағы адамдардың да денсаулықтарына зиянын тигізіп жатқанын айтты.

«Қоғамдық орындарға тынығуға барған адамдар еріксіз көрші үстелде кальян шегушілердің түтінімен тыныстауға мәжбүр. Бұған ескерту жасап, шағым айтсаңыз, көп болса, кальян шегушіге әкімшілік шара қолданылып, айыппұл салынуы мүмкін. Оның көлемі небәрі 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома ғана. Ал осыны ұсынып отырған кәсіпкерге ешнәрсе де болмайды. Өйткені ол заңда көзделмеген», – дейді мәжілісмен.

Ол бұл мәселені де жіті қарап, заңнамалық негізде тоқтау салу талап ету керектігін атап өтті. Ұлттық экономика министрлігінің аталған мәселеге қатысты әрекеті мен ұстанымына қатысты сын айтты.

«Әрине, экономиканы дамытқан жақсы, ел қазынасын қампайтатын түсімнің артқаны дұрыс. Бірақ ол халық денсаулығының есебінен болмауы тиіс. Еліміздің басты байлығы – адам. Оның денінің сау, санасының сергек, зиянды әдеттерден аулақ болуы бәрінен маңызды. Сондықтан, қоғамды кальяннан арылтып, оған мүлдем тыйым салу қажет деп есептеймін», – деді Дәулет Тұрлыханов.

Атап өтілген мәселелерді ескере отырып, келесі шараларды қолға алу ұсынылды:

  • Бірінші. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі бірлесе отырып, барша көңіл көтеру орындарына рейд ұйымдастырып, кальянның елге кіруіне, оның тұтынылу заңдылығына тексеру жүргізуі қажет.
  • Екінші. Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі қолданылып жүрген кальянның құрамына, шығаратын түтініне сараптама жасап, оның адам денсаулығына тигізетін зияны бойынша қорытынды әзірлеуі тиіс.
  • Үшінші. ҚР Үкіметі елімізде кальянды қолдануға мүлдем тыйым салуды және оны бұзғандарға едәуір жауапкершілік тағайындауды көздейтін заң жобасын әзірлеуі қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Министр Шарлапаев утиль алымға қатысты соңғы шешімді айтты
Бүгін, 14:02

Министр Шарлапаев утиль алымға қатысты соңғы шешімді айтты

Утилизациялық алымды азайту мәселесіне қатысты өзгеріс бола ма
Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →