×

Депутат Динара Шүкіжанова Мәжілістен өз еркімен кетті

Қаулы қабылданды

Депутат Динара Шүкіжанова Мәжілістен өз еркімен кетті
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты, Respublica фракциясының мүшесі Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берген. Мәжілістің жалпы отырысында қаулы қабылданды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«ҚР Конституциясының 52-бабына, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы ҚР Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, ҚР Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Аманжелқызы Шүкіжанованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.А. Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Мәжіліске енгізілді», – деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Динара Шүкіжанова Мәжіліс депутаты ретінде алған тәжірибесі ұшан-теңіз екенін айтты.

«Мен осы бағыттағы жұмысымды жалғастырамын. Respublica партиясының тең төрағасы ретінде қызметімді атқарамын», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Кеше, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →