×

Қазақстанға кіруіне тыйым салынған Тина Канделаки Сыртқы істер министрлігінің өкілін Ресейге шақырды

Біздің халқымыз бен туған жерімізде ортақ нәрселер көп екеніне сенімдімін

Қазақстанға кіруіне тыйым салынған Тина Канделаки Сыртқы істер министрлігінің өкілін Ресейге шақырды
Коллаж Qaz365.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Тина Канделакидің елге кіруіне тыйым салынғанын айтқан. Соған ресейлік журналист жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Құрметті Айбек Серікбайұлы! Маған арналған мәлімдемеңізді оқыдым. Мен қарым-қатынасымызды жалғастырғым келеді.  Алдымен сізді Ресейге шақырамын. Біздің халқымыз бен туған жерімізде ортақ нәрселер көп екеніне сенімдімін. Енді бұл туралы толығырақ тоқталайын. Әрине, туған өлкемнің жүрегі Мәскеуге келіңіз. Онда Абай Құнанбаевтың ескерткіші орналасқан Чистопрудный бульварынан бастаған жөн болар еді. Өзге қазақтар сияқты оны сіз де жай ғана Абай деп танисыз. Ал бізге Абай орыс тілі мен мәдениетін білу – дүние қазынасының кілті деген адам ретінде белгілі», – дейді Тина Канделаки.

Ол  одан кейін Мәскеу облысына, ғылыми элитаның қаласы Зеленоградқа барайық деп отыр.

«Оның тұжырымдамасын тағы бір атақты қазақстандық сәулетші Тотан Күзембаев жасаған. Ресейде ол ағаш сәулет өнерінің архитекторы саналады. Оның туындылары «Никола-Ленивецте», оның жобалаған үйлері әр елде шашырап жатыр.  Бұл орыс мәдениетімен таныс болған таланттың не беретінінің дәлелі емес пе? Иә, осы жазда Щусев сәулет мұражайындағы көрме оған арналды. Мәскеуде ең танымал әртістердің қатарында қазақстандықтар Азамат Мұсағалиев пен Нұрлан Сабуров бар екенін еске түсіру маған қажет емес деп ойлаймын», – дейді журналист.

Оның айтуынша,  ұлт тек мәдениетімен ғана емес, халқының күш-қуатына, рухына, қасиетті әдет-ғұрпына сүйенеді деп отыр. Ресей шекарасынан Қырым жағасына дейін қазақы тамырлас генералдар мен офицерлерге, жай ғана әскерилерге арналған ескерткіштер мен обелисктер бар. 

«Олардың қасында орыстар, татарлар, башқұрттар, мордвалар, белорустар, украиндар және тағы басқалар тұрады.
Бөкей Ордасы ханы ұлы, бір мезгілде Ресей империясының атты әскер генералы болған Ғұбайдолла Шыңғыс хан демалған Ялтадан Ұлы Отан соғысы батырларының бейіттері орналасқан жүздеген қалалар мен елді мекендерге дейін бар. Бірақ мен сізді Санкт-Петербургтегі Серафимовское зиратындағы Батырлар аллеясына апарар едім»,– дейді Тина Канделаки.


Ол жерде Ауғанстан мен Шешенстанда соғыста ерлік көрсеткен Ресей батыры атағын алған жалғыз әскери қызметкер Қайыргелді Майдановтың бейіті бар деп отыр. 

Оған Ресейде оннан астам ескерткіштер мен тұғырлар арналған дейді. Оның ұлты да қазақ.

«Жақсыны еске алып, тамырынан тірек іздеу – дана адамның тағдыры. Ресей мен Қазақстанның шекараларында қасиетті орындар бар: Құрманғазы Сағырбаевтың кесенесі мен мұражай кешені, Бөкей хан мен Сейіт баба мемориалдық кешені және басқалары орналасқан. Бұл бейіттер сақталады. Адамдар басына барып дұға етеді. Ресейдің күші – барлық мәдениеттерді қабылдауында. Егер сіз кенеттен әйгілі мәскеулік джазмен Игорь Бутманның ноталарынан таныс нәрсені естісеңіз, таңғалмаңыз. Шынында да, орындалған туындылардың ішінде Құрманғазының шәкірті әрі мұрагері Дәулеткерей Шығайұлы бар. Бұл тек Ресейде болады. Ресей мен Қазақстанның естелік мозайкасынан таңғажайып әңгімелер мен ұлы есімдер туады. Ең бастысы – есте сақтау. Мен әлі де виртуалды қарым-қатынастарымызды бір-біріне жақын екі халықтың тарихына, мәдениетіне және киелі жерлеріне деген құрмет пен сүйіспеншілік негізінде құруды ұсынамын. Сізді қонаққа шақырамын», – дейді журналист.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
Кеше, 11:30

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →