×

«Ғылыми-оқытушылық қызметіңізге қайтарамыз»: Тоқаев министр Шәріпхановтың жұмысын сынға алды

Президент құзырлы органдар табиғаттың бұл сынағынан өте алмағанын айтты

«Ғылыми-оқытушылық қызметіңізге қайтарамыз»: Тоқаев министр Шәріпхановтың жұмысын сынға алды
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кеңес барысында Президент Төтенше жағдайлар министрлігіне өз қызметін сыни тұрғыдан қайта таразылау міндетін жүктеді. Мемлекет басшысы министр Сырым Шәріпхановтың аталған сала маманы ретінде теориялық білімі бар екенін, бірақ нақты іске келгенде жұмысының нәтижесі көрінбей жатқанын айтты.

«Қазіргі жұмысты көңілден шығады деп айтуға келмейді. Министр Шәріпхановқа ескертемін. Егер сіз өз жұмысыңызды ауыр санайтын болсаңыз, ашығын айтыңыз, ғылыми-оқытушылық қызметіңізге қайтарамыз. Онда тұрған ештеңе жоқ. Қазіргі ахуал өте күрделі және жауапты, еліміздің қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Сондықтан бәріміз жинақы, ұқыпты және белсенді болуымыз қажет. Басқа жол жоқ. Президент Әкімшілігі бүгін айтылған барлық мәселені бақылауда ұстайды», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиындағы сөзін қорытындылай келе, Алматы қаласының тұрғындарына үндеу жасады.

«Сабыр сақтаңыздар және әр нәрсеге байыппен қараңыздар. Дүрбелеңге салынып, түрлі қауесет пен жалған ақпаратты қасақана тарататын арандатушылар мен жауапсыз адамдардың жетегіне еріп кетпеңіздер. Нағыз алматылықтар әрқашан ақыл-парасатымен және ұстамдылығымен ерекшеленген. Ел басшылығы сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Оған күмән болмасын. Алматылықтардың талап-тілегі әрдайым біздің басты назарымызда», – деді Президент.

Сондай-ақ Президент Алматының азаматтық қорғаныс жүйесі жер сілкінісіне дайын болмай шыққанын, ал құзырлы органдар табиғаттың бұл сынағынан өте алмағанын атап өтті.

Еске салайық, Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды. Кейіннен әкімдік зілзаладан 67 адамның зардап шеккенін хабарлады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Орыс ұлты өкілдерін кемсіттті» деп сотталған Марғұлан Боранбай бостандыққа шықты
Кеше, 12:15

«Орыс ұлты өкілдерін кемсіттті» деп сотталған Марғұлан Боранбай бостандыққа шықты

Айта кетейік, 2022 жылы наурызда блогерлер Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбай Facebook желісіндегі жазбалары үшін 5 жылға қамауға алынған болатын.
Ол жыл басында әкім лауазымынан босатылған.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы Бішкекте өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →