×

«Тіл жанашырын жындыханаға қамаған»: ІІМ позициясын білдірді

Павлодар тұрғыны, белсенді Руза Бейсенбайтегін жұрт тіл жанашыры деп біледі

«Тіл жанашырын жындыханаға қамаған»: ІІМ позициясын білдірді

Павлодарда «тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегін жындыханаға қамапты» деген ел ішіндегі сыбысқа қатысты жаңа деректерді Ішкі істер министрлігі хабарлады. Полицияның позициясын әлеуметтік желіге депутат Ермұрат Бапи бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Еске сала кетейік, Руза Бейсенбайтегін полициясы бар, жедел жәрдемі бар, бәрі алып кеткенін бұған дейін әлеуметтік желіге журналистер жазған еді. Оңғар Қабден оны жындыханаға жауыпты дейді. 
«Рузаның үстінен арыз жазған қазақ жігіті екен. Мен Руза апайға еркінен тыс психотроптық дәрілер егіп тастады ма деп қорқамын. Тілдің, ұлттың мәселесін көтергендердің бәрін жындыханаға жаба бере ме? Бұл қауіпті үрдіс» – дейді журналист.
Ішкі істер министрлігі жалпыға жария етпесе де, осы мәселе бойынша сұрау салған депутат Ермұрат Бапиға түсініктеме берген. 
«Павлодар қаласының тұрғыны, 1958 жылы туған Бейсенбайтегі Руза Зайкенқызы 2024 жылдың 24 қаңтарында Павлодар қаласындағы Бекхожин көшесі 12/5 мекенжайында өзін агрессивті ұстап, өтіп бара жатқан адамдардан мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткен. Жүнісовке дәл сол талапты қойған. Жүнісов "102" арнасына хабарласып, көмек сұраған. Сонымен қатар, өтініш беруші Жүнісовтың өзі оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырған», – дейді полиция.
Сол жерге келіп түскен өтініш бойынша полиция қызметкерлері де келген.
«Сондай-ақ, медициналық бригада келді. Бригада мамандары Бейсенбайтегінің орынсыз әрекеттері мен агрессия белгілері бар мінез-құлқын тіркеп, оны тексеру үшін "сандырақ бұзылыс синдромы" алдын ала диагнозын қойып, Павлодар облыстық психо-неврологиялық диспансеріне жатқызған», – дейді ІІМ.
Ермұрат Бапи бұл тек ведомствоның ресми позициясы екенін жазып, оған күмәнмен қарайтынын тұспалдап, Денсаулық сақтау министрлігінен де жауап күтіп отырғанын хабарлады.
Павлодар тұрғыны, белсенді Руза Бейсенбайтегін жұрт тіл жанашыры деп біледі. Бұрын ол "қазақ тілінде қызмет көрсетпейтін" мекемелермен соттасып, жеңіске жеткен кездері бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды
Бүгін, 16:14

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Президент тиісті жарлыққа қол қойды
Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →