×

Жемқорлық гүлдеген Назарбаев дәуірінен кетуіміз керек – депутат

Антикор жұмысының тиімділігі жайлы айтар болсақ, бұл бағытта қандай мәселелер бар?

Жемқорлық гүлдеген Назарбаев дәуірінен кетуіміз керек – депутат
Aiqyn.kz

Мәжіліс депутаты  Марат Бәшімов бүгінгі отырыста жемқорлықпен күресу үшін кейбір заң нормаларын күшейту керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Конституцияда шындық жазылған. Онда талқылайтын ештеңе жоқ. Ал Антикор жұмысының тиімділігі жайлы айтар болсақ, бұл бағытта қандай мәселелер бар? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі көп нәрселерді істей алмайды, шамалары жетпейді. Неге? Кеше мен Дидар Смағұловтың (Әділдік жолы Республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы) сұхбатын көрдім. Дидар қалайша ықпалға ие болды? Себебі факт тұрғысында Антикорда аудит жүргізетін құзырет жоқ. Ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындысы қашан шығар екен деп күтеді де отырады. Антикор қылмыстық құрам көзге көрініп тұрса да, қылмыстық іс қозғай алмайды. Бітті!» – дейді ол.

Марат Бәшімов отырыста болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Ұлан Сарқұловтан «жауап бер» деп талап еткеннен пайда жоқ дейді. Депутаттар кедергі келтірмес үшін сол аудиттерді алып тастауды, қандай да бір қылмыстық істің қозғалуына антикоршылар «басымен жауап берсін» дейді. 

«Бұрын бар жүйеге қайтып келу керек – бітті! Қаржы министрлігі қорытындыны бере ме, жоқ па деп антикоршылар алты ай күтеді. Ал Дидар алда жүрген резерв секілді, барады да, бетін ашады, қоғамдық кеңесте ашық көрсетеді. Соған жеттік. Ал Дидар қауіп аумағында қалып тұр. Бұл – факт!

Бізде ешкім пара беруге қақылы болмауы тиіс. Болды! Балабақшадан бастап! Бізде ақпарат насихаты болуы керек. "Жемқорлық гүлдеген" Назарбаев дәуірінен кету керек. Бәрінен өттік, жемқор болып кеткен жоқпыз. Сол себепті бала жастан істі бастау керек. Ең бастысы, шара қабылдамағаны үшін жауапкершілікті күшейту керек», – дейді Марат Бәшімов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
Бүгін, 11:30

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →