×

«Байбек пен Сағынтаевқа сот жоқ па?»: Бақытжан Базарбек Антикордың орынбасарын қыспаққа алды

Депутат Антикор өкілін сұрақтарымен қыспаққа алды

«Байбек пен Сағынтаевқа сот жоқ па?»: Бақытжан Базарбек Антикордың орынбасарын қыспаққа алды
Фото: Мәжіліс / tengrinews.kz / tengrinews.kz

Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жетілдіру бағытында заң жобасы қаралған. Төменгі палата құжатты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов алып келген. Депутаттар арасында Сарқұловты біраз қара терге түсіргендер де болды, деп хабарлайдыQaz365.kz

Мәселен, депутат Бақытжан Базарбек әдеттегідей эмоционалды тұрғыда қыспаққа алды.

«Қазақстанда мыңдаған адам еңбек ететін ондаған кәсіпорын бар. Әрбір адамның үйінде бес-алты адам тұрады деп есептейік. Шенеуніктер қабылдаған қаулылар арқылы біреулерге жер берілді. Өндірістік орындар солай ұстағанның қолында кетті. Ал тұрғындар қазір сотқа беріп жатыр. Бұлай жалғаса берсе, елдегі үш-төрт кәсіпорын жабылады. Ал шенеуніктерге қабылдаған шешімі мен шығарған қаулысы үшін жаза берілген жоқ. Өкінішке қарай, осы заң жобасында кәсіпкерлер ешбір норманы көре алмады. Мен де байқамадым», – деді Бақытжан Базарбек.

Ол шенеуніктердің қаулысының күшін жойған соттардың шешімдері бар екенін айтты. Бірақ ол шенеуніктер ешқандай жауапкершілікке тартылмайтынын жеткізді. Сондықтан осы жағын қалай реттейсіздер деп сұрады.

Бұл сұраққа жауап берген Сарқұлов расымен де әділетсіздіктер болып тұратынын мойындады.

«Мұндай деректер жоқ демейміз.  Шынында  бар. Қордаланып та қалды. Әділетсіздіктер де көп болды. Дойнг бизнес тағы басқасы бар... Солар жазасыз сіз айтқандардың іске аса беруіне жол ашты. Төтеншежағдайлар бойынша, эскиздер бойынша ешкім ешкіммен мақұлдаспайтын. Жұмыс комитетінде сізбен осы мәселені талқылаған едік», – дейді ол.

Сонымен қатар Алматының таулы бөктерінде заңсыз 54 құрылыс анықталғанын жеткізді. Оның ішінде 35 нысанның мемлекетке қайтарылуы керектігі турасында сот шешімі шыққан. Сарқұлов лауазымды адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тиісті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Әрине, бұл жауапқа Бақытжан Базарбек қанағаттанған жоқ. Депутат мысал ретінде 2021 жылы антикорға Алматының бұрынғы әкімдері Бауыржан Байбек пен Бақытжан Сағынтаевтың үстінен арыз жазғанымен, екеуінің үстінен ешқандай іс қозғалмағанын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды
06.05.2024ж. 16:14

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Президент тиісті жарлыққа қол қойды
Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →