×

«Ақша ұрламаңыздар!»: Шымкентте шенеунікті әкіммен жиналыс барысында тұтқындап әкетті – видео

Жиналысты Антикор қызметкерлері үзіп, шенеунікті алып кетті

«Ақша ұрламаңыздар!»: Шымкентте шенеунікті әкіммен жиналыс барысында тұтқындап әкетті – видео
Видеодан скриншот

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков әкімдікте өткізген жиын барысында шенеунік ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Otyrar Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жиын барысында облыс басшысы сыбайлас жемқорлық тақырыбын көтеріп, әкімдік қызметкерлерінің барлығы бірдей адал емес екенін айтты.

«Араларыңызда мемлекетшіл, адал кісілер көп. Сіздерге нақты айтқан болатынмын. Өткенді қалдырып, адал жұмыс істеңіздер деп... Әріптестер, дұрыс түсініңіздер, басқа менің амалым қалмады, бес айдан бері сұрап келе жатырмын», – деді әкім.

Аймақ басшысының сөзінен кейін қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің басшысы кейбір қызметкерлерге қоятын сауалдар бар екенін айтты.

Жиналысты Антикор қызметкерлері үзіп, залға кіріп, шенеуніктердің бірін алып кетті. Ол Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып шықты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →