×

Орман өртімен жасанды интеллект арқылы күресеміз – Экология министрі

Бұл жүйе ұлттық парктерге қойылып жатыр

Орман өртімен жасанды интеллект арқылы күресеміз – Экология министрі
Фото: primeminister.kz

Қазақстан орман өртін ерте анықтау үшін жасанды интеллектті пайдаланады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Министр орман өртін ерте анықтау жүйесі әзірленіп жатқанын айтты.

«Орман өрттерін сапалы және уақытылы анықтау, орман шаруашылығына цифрландыруды енгізу Президенттің жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында мақұлданды. Жобаны іске асыру үшін жасанды интеллектті қолданып, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша тиісті техникалық тапсырма әзірленді. Жоба аясында еліміздің орман қорының аумағында әртүрлі көздерден алынған деректерді топтастыру арқылы өртті ерте анықтау және жедел шешімдерді қабылдауға, мониторинг жүргізу үшін бірыңғай ситуациялық орталық құру жоспарланып отыр», – деді министр.

Өртті анықтау радиусы 30 шақырымға дейін айналмалы көру мүмкіндігі бар бейнебақылау камераларының көмегімен іске асырылады», – деді Ерлан Нысанбаев.

Ол аталған жүйе ұлттық парктерге қойыла бастағанын атап өтті.

«Өткен жылы бұл жүйе «Ертіс орманы» резерваты мен «Көкшетау» ұлттық паркіне енгізілді. Сондай-ақ осыған ұқсас жүйелер «Бурабай» ұлттық паркінде, «Медеу» табиғи паркінде бар. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының орман мекемелерінде жетілдіруді қажет ететін тек бейнебақылау жүйесі орнатылды. «Бурабай» ұлттық паркіне енгізілген жүйе өзінің тиімділігін көрсетті. Мәселен, бұдан бұрын орман өртінің орташа ауданы 80 гектар болса, жүйе енгізілгеннен кейін аумақ 1,5 гектарға дейін қысқарды», – деді ол.

Оның айтуынша, өртті ерте анықтау жүйесі республикалық және жергілікті деңгейдегі объектілерде кезең-кезеңімен енгізіліп, ситуациялық орталыққа қосылып отырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
9 трлн теңге: Смайылов Ұлттық ұланға аудит жүргізіліп жатқанын мәлімдеді
Кеше, 17:50

9 трлн теңге: Смайылов Ұлттық ұланға аудит жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

Оның сөзінше, 9 трлн теңгеден астам қаражат қамтылған
Депутат: Министрлер кабинетінде сөздің бәтуасы болмауының себебі неде?! 
Бұған дейін Қырғызстан өзінің Мемлекеттік туын өзгерткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →