Резиденцияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің Diwan Amiri сарайына келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
«Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.