Құдратходжаев өзі өмір сүретін елдің тілін екі адам білмейді дейді
Өзбекстанның Ресейдегі елшісі Ботиржон Асадовжақында Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақыртылып, сөз естіді. Оған Өзбекстан Республикасының Журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры Шерзод Құдратқожаевтың берген сұхбаты себеп, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Шерзодхан Құдратходжаев сұхбатында 1966 жылы Кеңес Одағының бір бөлігі болған Өзбекстанға Ресей, Беларусь және Украинадан көптеген тұтқындар келгенін еске түсіреді.
«Олар жер сілкінісінен кейін Ташкентті қалпына келтіруге көмектесуі тиіс еді. Бұл жұмысшылардың басым бөлігі Өзбекстанда қалды, алайда мемлекеттік тілді үйренген жоқ», – дейді ректор.
Айтпақшы, сұхбат орыс тілінде жарық көрген. Шерзодхан Құдратходжаев "Карл Маркс айтқандай, өзі өмір сүретін елдің тілін екі адам білмейді" деп мақалдатады.
«Біріншісі – басқыншы (окупант). Бәлкім, көптеген адамдардың санасында олар оккупанттар шығар. Екіншісі – ақымақ, яғни ойлай алмайтын немесе оқи алмайтын адам», – деді ол.
Ректор сұхбат барысында Өзбекстанда ұзақ уақыт тұрып, өзбек тілін үйренгісі келмейтіндерге «жоғарыда аталған екі санаттың қайсысына сай келетінін өздері шешуді» ұсынды.
Бұл, әрине, Ресей билігіне ұнаған жоқ. Бірден Мәскеудегі өзбек елшісін Сыртқы істер министрлігі кеңсеге шақырады. Елші Асадовқа мұндай сөздердің мазмұны мен реңі екі елді байланыстыратын терең стратегиялық серіктестік пен одақтық қатынастарына мүлдем қайшы келетінін түсіндірген.
«Ректордың пікірімен бізбен тату және одақтас Өзбекстан халқының басым көпшілігі келіспейді деген сенім білдіреміз. Біз ешбір жағдайда аталған қайраткердің мәлімдемесін республиканың көпұлтты халқының көңіл күйімен теңестірмейміз», – делінген Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдесінде.
КСРО құрамында болған Өзбекстан өндірісі мен ауыл шаруашылығын, ғылымы мен мәдениетін қарқынды дамыта алды. Бүгінде Өзбекстан тәуелсіз мемлекет ретінде Ресеймен өзара тең дәрежеде, өзара құрметке негізделген қатынас орнатты, дейді.
49 жастағы Құдратходжаев Өзбекстанның көрнекті қайраткері, саяси сахнаның тылсым өмірін жақсы біледі. 1998 жылы UzTV-4 телеарнасының директоры болды. 1999 жылдан Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметін басқарды. 2000-2005 жылдары Өзбекстан Республикасы Президенті іс басқармасының бас консультанты қызметін атқарды. 2005–2008 жылдары Шавкат Мирзиеевтің баспасөз хатшысы (ол сол кезде Өзбекстанның премьер-министрі қызметін атқарған) болған.