×

Сенатор Геннадий Шиповских қандай дін ұстанатынын айтты

Шиповских бұл сұрақ өзіне жиі қойылатынын атап өтті

Сенатор Геннадий Шиповских қандай дін ұстанатынын айтты
Фото: Instagram / gennadiishipovskikh

Тик-ток желісінде танымал депутаттың бірі Геннадий Шиповских бірнеше жыл бұрын Ислам дінін қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Тик-токта біреу менен мұсылмансың ба?» деп сұрапты. Иә, мен мұсылманмын. Дәлірек айтар болсақ, мен 2007 жылы Ислам дінін қабылдағанмын. Содан бері Құдайға шүкір, әлхамдуллилах, лә илләхә ил Аллах, Мухаммад рассулуллах деп, өзімнің кәлимәмді айтып жүрмін», – дейді сенатор.

Депутат сүндетке отырғанын да айтты. 

«Сүрелерге келер болсақ, Құдайға шүкір, бүгінгі таңда мен "Фатиха" және "Ықылас" сүресін жақсы білемін. Жалпы Құран бағыштайтын кезде үнемі соны оқып жүрмін. Мешітке барғанда да осы екі сүрені оқимын», – дейді ол.

Геннадий Шиповских бұл сұрақ өзіне жиі қойылатынын атап өтеді. Көп қойылғаннан кейін сенатор осылай жауап беруге тура келгенін айтады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
30.10.2025ж. 13:19

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ол ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін істері салаларына жетекшілік етеді
Келіссөздер барысында үш негізгі тақырып қаралды
Египет Түркия-Катар тандемімен бәсекеге түсіп жатыр
Израиль мен ХАМАС арасындағы ахуал қайта ушықты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →