×

Ашылу керек 5 нысанның 4-еуі дайын емес: Бектенов Ұлытау облысының әкіміне ескерту жасады

Премьер-министр шенеунікке шұғыл түрде шара қабылдауды тапсырды

Ашылу керек 5 нысанның 4-еуі дайын емес: Бектенов Ұлытау облысының әкіміне ескерту жасады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлына ескерту жасады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды. Жиында Ұлытау облысында салынуға тиіс медициналық нысандардың құрылысы кешігіп жатқаны айтылды.

Үкімет басшысы құрылыс мерзімін жоспардағы уақытында аяқтамаған өңірлерге тоқталды.

«Былтыр Ұлытау облысында 5 фельдшерлік-акушерлік пункт ашылуға тиіс болған. Оның төртеуінің құрылысы әлі аяқталмады. Облыс жыл бойы небәрі бір-ақ объектіні пайдалануға берді. 4 объектінің құрылысы қыркүйекте ғана басталған. Әкімдік ұлттық жобаның орындалуын бақыламай отыр деп санаймын. Жыл соңына дейін тағы 15 объекті салынуы қажет. Берік Әбдіғалиұлы, не айтасыз?» – деді ол.

Ұлытау облысының әкімі мұның өз себебі барын айтты.

«2023 жылы облыс бойынша 9 мемлекеттік және бір жекеменшік фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы жүргізілді. Оның бесеуі «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында болса, төртеуі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынды. Жоғарыда аталған 4 нысан бойынша маусымда бір мердігер жеңіп, құрылыс барысында сапасыз материалдарды қолданғаны анықталды. Осыған байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары орындалмай, шартты бұзуға мәжбүр болдық. Қазір мердігерді жосықсыз деп тану туралы сот процесі жүріп жатыр. Қалған жұмыс көлемін аяқтау үшін конкурс жарияланды. Мердігер 13 наурызда анықталады деп жоспарланып отыр. Жалпы нысандардың дайындығы – 75-80%. Яғни, ішкі әрлеу, абаттандыру жұмыстары қалды», – деді Берік Әбдіғалиұлы.

Өңір басшысының айтуынша, нысандардың құрылысын аяқтауға облыс бюджетінен 120 млн теңге қарастырылған.

«Барлық 4 нысан бойынша жұмысты мамырдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2024 жылға 15 жоба жоспарланған. Оның 13-і мемлекеттік сараптамадан өту сатысында. Наурыздың соңына дейін сараптаманың оң қорытындысын алу көзделіп отыр. Содан кейін мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланады. Сәуірде мердігерді анықтап, мамырда құрылысты бастау жоспарланған. Құрылыстың басталуына облыс бюджетінен 106 млн теңге, инфрақұрылым құрылысына 320 млн теңге бөлінген. Қазір мердігерді анықтау рәсімдері жүргізіліп жатыр», – деді облыс әкімі.

Үкімет басшысы әкімге шұғыл түрде шара қабылдауды тапсырды.

«Берік Әбдіғалиұлы, жұмыс қарқыны төмен. Шұғыл түрде барлық қажет шара қабылдаңыз!» – деді Бектенов.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды
06.05.2024ж. 16:14

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Президент тиісті жарлыққа қол қойды
Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →