×

Украина Ресейдің мұнай базаларын жарып жатыр: мұның соғысқа қандай әсері болады

Бұл соққылар жүйелі түрде жасалуда

Украина Ресейдің мұнай базаларын жарып жатыр: мұның соғысқа қандай әсері болады
Ашық дереккөздерден

Ресейдің түрлі өңірінде бірнеше күннен бері мұнай базалары жарылып жатыр. БАҚ-тың мәліметтеріне қарағанда, олардың жарылуының тікелей себебі – беспилотниктердің шабуылы, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жарылған мұнай базалары

12 наурыз күні таңертең Орел облысындағы мұнай базасы өртеніп жатқаны белгілі болды. Жергілікті тұрғындар өрт басталар алдында жарылыс дыбысын естігенін айтқан.

Baza Telegram-каналының мәліметінше, Орел облысының басшысы нысандағы өртке ұшқышсыз ұшақтың құлауы себеп болғанын растаған.

Сол күні тағы бір дрон Нижний Новгород облысындағы "Лукойл" мұнай базасына шабуыл жасады. Дрон МӨЗ аумағына сағат 06:00 шамасында құлап, содан кейін өрт басталды. Оқиға орнына бірден жедел қызметтері мен өрт сөндіру қызметі тартылған.

Нижний Новгород облысы басшысының айтуынша, өрт Кстово өнеркәсіптік аймағында болған. Ешкім зардап шекпеген, өрт сөндірілген.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, Белгород облысында дрон төрт жарылғыш құрылғыны тастаған. Электр желілеріне зақым келген. Жеті елді мекен жарықсыз қалған.

Bloomberg-тің жазуынша, соңғы екі күндік дрондар соққысы Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарының мұнай өңдеу қуаттылығының 12 пайызын істен шығарған.

Тағы да дрондар, тағы да шабуыл

Дрондар бүгін Ресейдің Самар облысына да шабуыл жасағаны хабарланды. Алғашқы дрон Сызраньдағы мұнай өңдеу зауытына түскен. Тағы бірнеше БПЛА Жаңакуйбыш мұнай зауытына құлаған. Ол жер де өртеніп жатыр.


Украинаның мақсаты

Украина Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының өкілі Андрей Юсовтың айтуынша, Ресейдің мұнай нысандарындағы әрбір жарылыс жаудың логистикасын қиындатып, Украинаның қорғаныс күштеріне оң ықпал етеді. Украина барлау өкілі елдің барлау агенттіктерінің шабуылдарға қатысы бар-жоғын растамады, бірақ мұндай соққылар соғыс барысына әсер ететінін атап өтеді.

Андрей Юсов ресейлік мұнай базаларындағы жарылыстардың маңыздылығына назар аударады. Ол мұндай әрбір оқиға оккупациялық әскерлерге отын жеткізу қарқынын төмендететінін, бұл олардың жауынгерлік қабілетіне тікелей әсер ететінін жеткізеді.

«Ресейдің мұнай базаларындағы әрбір жарылыс басқыншылардың логистикасына қатты әсер етіп, жанармай жеткізу қарқынын төмендетеді. Бұл біздің қорғаушыларға қорғаныс үшін қосымша уақыт пен мүмкіндіктер береді, сонымен қатар азаматтық өмірді сақтауға көмектеседі», - дейді Юсов.

Энергетиктің пікірі

Украинаның энергетика сарапшысы, "XXI Стратегия" глобалистика орталығының президенті Михаил Гончар бұл соққылар басқыншы әскердің оқ-дәрілерден, байланыс пен отыннан айыратынын айтады.

"Биыл Ресейдегі қолжетімсіз саналатын мұнай өңдеу зауыттары әуе соққыларына ұшырады. Бұл кездейсоқ соққылар жүйелі түрде жасалуда және олардан шеккен зардаптар көлемі де көп емес. Мысалы, 2022 жылы шабуыл жасаған Новошахтинск мұнай өнімдері зауыты жұмысын тоқтатып, содан кейін біраз уақыттан кейін ғана қайта жұмысын бастады. Бұл оңай емес. Зауытты қалпына келтіру үшін жоғары технологиялар керек. Мысалы, Нижний Новгородтағы мұнай өңдеу зауытында америкалық Honeywell құрылғысы өртеніп кетті. Ал оны қазір Ресей санкцияға байланысты сатып ала алмайды”, - деді ол.

Соғыстың тарихы

Ресейдің Украинаға қарсы толыққанды басқыншы соғысы 2022 жылдың 24 ақпанында басталды. Ресей әскері аэродромдарды, әскери бөлімдерді, мұнай базаларын, жанармай құю бекеттерін, шіркеулерді, мектептер мен ауруханаларды қиратып, әскери және азаматтық инфрақұрылымның негізгі нысандарына әуе шабуылдарын жасап келеді. Тұрғын үй кешендері артиллерия шабуылына жиі ұшырайды. Тұтас үлкен көпқабатты үйлерге баллистикалық зымырандар түсіп, адамдар өліп жатыр.

Батыс елдері, соның ішінде АҚШ пен ЕО елдері Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп, Украинадағы Ресейдің әскери әрекеттерін айыптайды. Украинаға әскери көмек те беріп жатыр.

Ресей Украинаға қарсы өз аумағында басқыншы соғысын жүргізіп жатқанын жоққа шығарады әрі оны "арнайы әскери операция"деп атайды.

2022 жылдың 30 қыркүйегінде Украинаның оккупацияланған аумақтарын Ресейге құрамына қосу туралы жалған референдумдар өткізілгеннен кейін Мәскеу Украинаның Донецк, Запорожье, Луганск және Херсон облыстарының аннексиясын жариялады.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Бүгін, 13:52

Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды

Сенатта 2025 жылы шығыстарды 60 млрд теңге сомаға ұлғайту қолдау тапты
Ол құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты
Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →