×

«Қалаулым», «QosLike» сияқты бағдарламаларды жабу үшін күресіп жатырмыз – депутат Мақсат Толықбай

Депутат қоғамның сынына ұшыраған бағдарламалар жайлы айтты

«Қалаулым», «QosLike» сияқты бағдарламаларды жабу үшін күресіп жатырмыз  – депутат Мақсат Толықбай
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай мәжілісте қоғамның сынына ұшырап жүрген бағдарламаларды жабу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат бұған дейін Хабар арнасындағы «Бірақ…» бағдарламасын жапқан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің позициясын қолдайтынын айтты.

«Қазір мәжіліс комитетінің отырыстарында талқылап жатырмыз. «Бірақ...» бағдарламасы болсын, «Қалаулым», «QosLike» сияқты бағдарламаларды мүлдем жабу керек. Осы үшін күресіп келе жатырмыз. Қазір заң нормаларына өзгеріс енгізе алсақ, біз үшін үлкен жеңіс болады», – деді депутат.

Айта кетейік, өткен аптада «Хабар» телеарнасындағы «Бірақ…» бағдарламасы қоғамның сынына ұшырап, дау туындатқан еді. Кейіннен мәселе министрлікке дейін жетіп, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бағдарламаның жабылатынын мәлімдеген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →