×

Ресей Орталық Азияның еңбек күшінсіз өмір сүре алмайды - Айдос Сарым

Мәжілісмен визалық режим енгізілуінің зардаптары туралы айтты

Ресей Орталық Азияның еңбек күшінсіз өмір сүре алмайды - Айдос Сарым
Фото: parlam.kz

«Ресей Орталық Азияның еңбек күшінсіз өмір сүре алмайды». Бұл туралы Мәжіліс кулуарында депутат Айдос Сарым айтты  деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бірақ меніңше, Ресей халқы, қоғамы  Орта Азиядан келіп жұмыс істейтін азаматтардың еңбегінсіз өмір сүре алмайды, қоқысын шығара алмайды, көшесін сыпыра алмайды, ыдысын жуа алмайды. Сондықтан кем дегенде бір-екі айға осы истерия болатын сияқты. Бірақ соның арасында соғыс жүріп жатқан ел паспортты, басқаны тексеруді күшейтер, алайда түбі қайтадан орнына, сабасына түсетін мәселе», – деді депутат.

Сондай-ақ ол визалық режим енгізілуінің зардаптары туралы айтты.

Мәжіліс депутатының айтуынша, Ресей қоғамында қалыптасқан қазіргі ахуал уақытша құбылыс.

«Визалық жағдайдың енуі сөзсіз ара-қатынастарды, Еуразиялық кеңістікті бұзатыны анық. Себебі оның бірінші қағидасының бірі – еңбек күшінің емін-еркін ел арасында жүріп-тұруы. Менің ойымша, бұл эмоцианалды шешімдер сияқты. Бір жағынан бұл сол елдегі көпшіліктің көңіліне кешегі болған террористік актің қаһарынан болған үрей секілді», – деді Айдос Сарым.

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады. Атыс кезінде ғимаратта 6200-ге дейін адам болуы мүмкін – сол күні болуы керек концертке билеттер түгелге жуық сатылып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, теракт салдарынан қаза тапқандар саны 139-ға жетті.

Қазір Ресей халқы такси жүргізетін тәжіктерге қарсылық білдіріп, бойкот жариялады.

«Егер тәжік болсаң, мен сенімен бармаймын. Сапардан бас тарт», – деп жазған клиенттердің бірі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Украинамен соғысып жатқан Сергей Шойгу Қазақстанға келді
25.04.2024ж. 23:07

Украинамен соғысып жатқан Сергей Шойгу Қазақстанға келді

Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →