×

Утиль алым: «Қырғыздың қамбасын толтырып жатырмыз»

Депутат журналистердің сұрақтарына жауап берді

Утиль алым: «Қырғыздың қамбасын толтырып жатырмыз»
Коллаж Qaz365.kz

Мәжілісте утиль алым мәселесін көтеріп жүрген депутат Нартай Аралбай Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ойлануға кеңес берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжілісте тілшілердің бірі депутатқа негізі «Қазақстанға отандық кәсіпорын керек пе?» деген сауал қойған еді.

«Әлемдік баға саясатына сүйенген кезде біздің елдегі тауар бірнеше есе қымбат болатын болса, оны отандық өндіріс деп айту қате болар. Меңіше, отандық өндіріс – халыққа қолайлы жағдай жасайтын, елдің әлеуметтік әлеуметін көтере алатын, мемлекетке салықтық тиісті түсімді түсіретін компания деп білемін. Өткенде утиль алымға қатысты депутаттық сауалнамада Қырғызстан арқылы адамдар көлікті есепке қойып әкеліп жатқанын айттым. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ болып отырмыз. Біздегілер осылай қырсығып отырғанда, көрші елдің қамбасын толтырып жатырмыз. Осы дұрыс па? Логикаға сай келе ме? Төлемдерді түсіретін болсақ, онсыз салықтық түсімдер болар еді. Барлығы тек утиль алыммен тоқтап қалмайды ғой. Жаңа көлік келсе, жанар-жағармай өтеді. Басқа да детальдары бұзылады, май ауыстырады. Тіпті, керек болса, тәртіп те бұзып, айыппұл төлейді. Мұның бәрі қосымша ақша ғой.  Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев нақты бір шешім ұсынады деген ойдамын», - дейді Нартай Аралбайұлы. 

Айта кетейік, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздегі утиль алым мөлшерлемесін төмендетуге неліктен қарсы екенін түсіндірген болатын.

«Утильалым бойынша қазір біз ешқандай өзгеріс жасамаймыз. Мен қазір өнеркәсіп және құрылыс министрімін. Менің ең басты жұмысым – кәсіпорындарды дамыту, олардың қуаттылығын арттыру. Қазіргі таңда Қазақстанда автозауыт салып жатырмыз. Қаншама адам жұмыс істейді. Оны ешкім санамайды. Ең алдымен, бүкіл текетірес неге байланысты? Екі зауыт салынып жатыр. Киа зауыты 2025 жылдың ортасында аяқталады. Екінші зауыт Алматы облысында салынады. Онда 90 мың көлік шығарылады. Жұмыс орындарды кім сақтайды? Мен депутаттарды осы сұрақты қойғым келеді», – дейді Қанат Шарлапаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Украинамен соғысып жатқан Сергей Шойгу Қазақстанға келді
25.04.2024ж. 23:07

Украинамен соғысып жатқан Сергей Шойгу Қазақстанға келді

Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →