×

Петропавл маңындағы тұрғындарды шұғыл түрде мәжбүрлеп эвакуациялап жатыр

32 адам өз үйлерінен көшкілері келмейді

Петропавл маңындағы тұрғындарды шұғыл түрде мәжбүрлеп эвакуациялап жатыр
Фото: primeminister.kz

Бірінші вице-министр Роман Скляр Петропавл қаласы маңындағы аймақтардың тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дереккөзіне сүйенсек, Заречный кенті мен саяжайда тұратын 32 адам өз үйлерінен көшкілері келмейді. Түнде елді мекенді аралаған Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев премьер-министрдің бірінші орынбасарына осындай ақпарат берген. Бұл мәліметті естіген Роман Скляр тұрғындарды жедел түрде мәжбүрлі түрде эвакуциялауды тапсырды.

«Мен әкімдікке, полиция департаментіне және төтенше жағдайлар департаментіне тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялауды бастауға тапсырма беремін. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Ешкім зардап шекпеуі қажет. Ойда жоқта су келіп қалса, жағдай мүлдем басқаша болады. Бұған жол бермеуіміз қажет», - деді ол.

Сондай-ақ вице-премьер Ойқала ықшам ауданындағы айналма жол учаскесіндегі бөгетті тексеріп, Кожевенный кенті мен Ущев көшесінде салынып жатқан бөгеттердің жағдайын көріп қайтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →