×

Жамбылдық депутат нан бағасын 500 теңгеге қымбаттатуды ұсынды

Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Жамбылдық депутат нан бағасын 500 теңгеге қымбаттатуды ұсынды
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын шарықтатуды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі jambylinfo.kz-ке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, қазір ас атасы арзан болғандықтан, қоқыста жатады. Сондықтаннан бағасы 500 теңге болуы керектігін айтты.

Сондықтан тойханаларда тойынған жұрттан қалған ас атасы қоқыста жатады дейді ол. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың басты тетігі бағаны өсіру екендігін атап өтті. 

Дөненбаевтың өзге әріптестері бұл пікірмен мүлде келіспейді. Мәслихат депутаты Бақытжан Қалымбетовтың сөзінше, дотациялық облыс үшін нанның 120 теңге болғанының өзі халықтың қалтасына салмақ салады. Ал халық қалаулысы Жұмахан Тәңкебаев ас атасының 500 теңге болуына тіпті қарсы. 

«Нан бағасын 500 теңгеге қымбаттату артық болады. Неге десеңіз, қарапайым халық үшін бұл ауырлық етеді. 2 баласы бар үй үшін оңай болуы мүмкін. Бірақ 5-6 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар үшін бұл қиын. Қалтасына әжептәуір ауырлық түседі», - дейді Жұмахан Тәңкебаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →