×

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
centralasia-travel.com

Өзбекстан елінде сарапшылар бірнеше жылдан бері, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастағалы аталған одаққа мүше болу немесе болмау мәселесін қызу талқылап келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елде пікірдің екіге жарылатыны өтірік емес. Мәселеге саяси сипат беретіндер де, әлбетте, табылады. Экономикалық одаққа кірудің басымдықтары мен кемшіліктері де атап көрсетіледі. Қалай дегенмен, өзбек билігі бұл бағытта «ақырын жүріп, анық бас» саясатын таңдаған.

Өзбек нарығындағы Ресей капиталы қанша?

Бүгінде Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл – елдегі шетелдік компаниялардың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Ресейлік бизнес алпауыттары Өзбекстанға бет ала бастаған. Республикада қазірдің өзінде «Газпром», «Лукойл», Broniboy, Wildberries, «Магнит», M Cosmetic, «Додо пицца» сияқты өз сегменттерінде ірі және танымал өкілдер жұмыс істеп жатыр.

Әлбетте, Еуразиялық экономикалық одақ деген кезде, әсіресе, Өзбекстанда Ресей нарығы қызықтырады. 150 миллионға жуық халқы бар ірі нарыққа өнімнің түр-түрін апарып сатудан бюджеттің жетпей жатқан қажеттілігін жабуға болар еді. Бұл ретте транзит ел Қазақстанмен де келісу маңызды. ЕАЭО елдері ішінде өзбек нарығына ең көп инвестиция салған ел – Ресей.

Бүгінгі таңда ресейлік компаниялардың Өзбекстан экономикасына салған инвестициясы 13 миллиард доллардан асқан. Биыл тағы 5 миллиард доллар инвестициялауды жоспарлап отыр.

Қолдаушы сарапшының пікірі

Халықаралық сарапшы Бахтиёр Әлімжанов ресейлік компаниялардың елдегі жұмысы тек қаржылық-экономикалық ғана емес, мәдени жағынан да пайда әкелетінін, оның экономиканың дамуына да әсер ететінін айтады. Жалпы ол бұл бағытта қолдаушы десе де болады.

«Біріншіден, бұл кәсіпорындар инвестиция салады, жаңа жұмыс орындарын ашады, соның арқасында халықтың табысы артады. Сонымен қатар бұл Ресейдің жұмсақ күші: әлсіреп қалған ғасырлар бойы қалыптасқан байланыстарды қайта нығайту қажет. Мәдени жаңғыру және ортақ мәдени кеңістікті дамыту басқа салаларды тезірек жаңғыртуға мүмкіндік береді», – дейді ол.

Ресей бизнесінің мүдделері Өзбекстан экономикасының көп саласын қамтиды.

«Соңғы үш жылда ресейлік кәсіпкерлердің IT саласына деген қызығушылығы айтарлықтай артты. Сосын ресейлік кәсіпкерлерге жеткізу қызметімен айналысқан қызықты. Одан бөлек, мұнда мейрамхана және туристік бизнеспен айналысуды жөн санайды», – деді Әлімжанов Podrobno.uz сайтына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, әлі де назар аударуға тұрарлық салалар баршылық.

«Атап айтсақ, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы, банк секторын дамыту маңызды. Бұл біздің экономиканың дамуына ғана емес, сонымен қатар білім беру секторын, логистиканы және көлік саласын жаңа деңгейге көтеру үшін де пайдалы. Жиһаз бен құрылыс ресейліктер арасында әлі де республикада үлкен сұранысқа ие емес», – деп атап өтті ол.

Құны 80 млн долларлық жоба

Өзбекстан ТМД-дағы ең ірі нарықтардың бірі ретінде ресейлік бизнесмендерді тартады. Оның үстіне 37 миллион халықтың жартысынан көбі 30 жасқа дейінгі жастар. Сондай-ақ елде жұмыс істейтін шетелдік кәсіпкерлер инфрақұрылымның жақсы және қымбат емес жағдайларын, одан бөлек, жақын мәдени және тілдік кеңістікті ерекше атайды.

Ресейлік компаниялардың өнімдерін өндіруді игеру мақсатында Өзбекстанда тұтас индустриялық аймақтар құрылып жатыр. Соның жарқын мысалы ретінде Татарстанмен бірлесіп ашылған Шыршық және Джизах технопарктерін айтуға болады. Ресей индустрия және сауда министрі Денис Мантуров тағы үш аймақта ашу керектігін айтқаны бар. Ресей Навои арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасатын тағы бір өнеркәсіптік кластер құруға көмектеспек. Жобаның жалпы құны шамамен 80 миллион долларды құрайды.

«Үш мың тым аз»

Әлімжановтың айтуынша, үш мың кәсіпорын – бұл жоғары көрсеткіш, бірақ посткеңестік басқа елдермен салыстырғанда, бұл серпіліске жатпайды. Мәселен, Грузияда соңғы екі жылда ғана ресейліктер 21 мың компания ашқан.

Ресейлік бизнес Өзбекстан экономикасына инвестиция көлемін айтарлықтай арттыруға дайын, бірақ кейбір қиындықтар бар екен.

«Кедергілердің қатарында қаржылық қиындықтар, заңдар және жергілікті корпорациялар болуы мүмкін. Кейбір монополиялар немесе бизнес құрылымдары олардың мүдделеріне кедергі келтірмеуі үшін лобби жасауға тырысып бағады. Бірақ мұны еңсеру керек, қиындықтардың екінші жағынан жақсы мүмкіндік екенін ұмытпайық», - дейді сарапшы.

Ол Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал ететінін атап өтеді.

«Егер Өзбекстан ұйымға мүше болса, елдің банк секторы инвестиция үшін ашық болады. ЕАЭО елдерімен көлік байланысы жақсарады. Тауар тасымалдайтын компания саны көбейеді», - дейді сарапшы.

Азық-түлік қауіпсіздігінен басқа, бұл қолжетімді баспананы арттыруға мүмкіндік бермек.

«Өзбекстан нарығы Ресей мен Қазақстанның құрылыс салушыларына ашылады. Олар осында инвестиция сала алады. Сондықтан әрине, біз шекараларды ашып, өзара әрекеттесуді, ынтымақтастықты дамытуымыз керек», - деді Әлімжанов.

Ол бұл тек ресейлік бизнес үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстан, Беларусь, Қырғызстанның кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндік деп оытр. Осылайша, бұл инвестицияны әртараптандыруға ықпал етеді деп санайды.

Қарсы пікір

Өзбекстанның ЕАЭО-ға кіруіне қарсы пікірлер де бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын мұны Парижде тұратын өзбек саясаткері Камолиддин Раббимов айтқан. Оның сөзінше, Өзбекстанның экономикалық одаққа кіруі барлық жақтан теріс әсерге ие.

«Менің ойымша, Өзбекстанның ЕАЭО-ға қосылуы барлық жағынан зиянды. Атап айтқанда, бұл Ресейдің ұзақ мерзімді мүдделеріне де жауап бермейді, ол үшін Өзбекстанның осы одаққа кіруі пайдалы болып қана қоймай, керісінше, зиянды салдарға әкелуі мүмкін», – дейді Раббимов.

Сарапшы өзбек экономикасының жағдайын, әсіресе, өндіріс саласын "нәзік" деп сипаттайды. Пікірінше, Ресей, Қазақстан және Беларусь экономиканың даму дәрежесі мен жан басына шаққандағы табысы бойынша Өзбекстаннан едәуір асып түседі. Ташкент ЕАЭО-ға қосылған жағдайда, Өзбекстандағы өндірушілер басқа мүше елдердің өндірушілеріне бәсекелестікті толығымен жоғалтады. Осыдан кейін ел өзінің өндірістік әлеуеті мен өндірістік қуатын толығымен жоғалтып алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →